Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай наурызнаманың «Спорт күнінде» Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ер қаруы – бес қару» ұлттық ойындар фестивалі өтті.
Сайыста талапкерлер садақ ату, арқан тарту, кір тасын көтеру, ләңгі тебу, қол күрес түрлерінен сынға түсті. «Сен тұр, мен атайын» дейтін кілең саңлақ жігіттер жиналған жарыс өте қызықты өтті. Жарыс соңында аталған қалалық мәдениет үйінің басшылығы мен Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары қорытындылап, әр сайыс бойынша жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды .
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Жүзге жуық жаңа жұмыс орны ашылады
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




