Мұндағы мақсат – ұлттық киімдердің маңыздылығы мен тарихы туралы ақпарат беру арқылы жастарды ұлттық мәдениетке баулу. Ұлттық киімдер заман талабына сай сәнге айналып, заманауи стильдермен үйлесімділігін көрсету. Сонымен қатар, ұлттық киімдерімізді кеңінен танытып, болашақ ұрпаққа насихаттау екені анық. Челленджге 40-қа жуық жас қатысты.
«Мен «Mart» сауда орталығындағы іс-шарадан жақсы әсерге бөлендім. Себебі ұлттық киім халқымыздың байлығы, болмысы. Сондықтан, бұл іс- шараның қолдайтын тұстары көп. Наурызда Жаратушы жақсылығын төгіп, қазақ еліне береке орнай берсін», – дейді Тараз қаласының тұрғыны Ержан Байбеков.
Бұл күні аталған челленджге қызығушылар қатары аз болған жоқ. Ұлттық киімнің насихатталғанына жастар да риза.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




