«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұлттық құндылық ұлықталды

Ұлттық құндылық ұлықталды
Ашық дереккөз
Қазақ халқының ою-өрнек өнері – ұлттық құндылықтардың ішіндегі ең ежелгісі. Сан ғасырлық тарихымызбен біте қайнасқан бұл өнер түрі халықтың шынайы рухани танымымен астасып жатыр.

Ою-өрнек – қазақ елінің мәдени дамуының шежіресі. Қазақы оюдың өзіне тән сыры, өз тілі бар. Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және қалалық әкімдіктің қолдауымен Наурызнаманың үшінші күні – «Шаңырақ күні» мерекесіне орай «Ұмыт болған оюлар» атты құрақшылар әлемінің фестивалі өтті.

Ұлттық құндылықтарды кеңінен дәріптеуді мақсат еткен шараға көне шаһарда ұлттық нақыш бағытында кәсіптерін дөңгелетіп отырған 23 қолөнерші қыз-келіншек қатысты. Олар фестиваль барысында жүннен тоқылған киім, төсеніштер, қыз жасаулары мен тұрмысқа қажетті түрлі бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Олардың баршасының өнері көпшіліктің көңілінен шықты. Көздің жауын алатындай көрікті. Қазылар алқасының шешімімен Раушан Құндызбаева – «Жоғары сапа», Эльмира Есеналиева – «Асыл ұстаз», Гүлнар Алдабергенова – «Көненің көзі», Салима Үмбеталиева «Жоғары шеберлік» аталымдарымен марапатталып, бағалы сыйлық пен арнайы дипломдарға ие болды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар