Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру жалғасуда
Биылғы маусымдық көктемгі дала жұмыстарын ерте қаржыландыру бағдарламасын іске асыру қарқынды жалғасуда. Бағдарламаға өтінім қабылдау өткен жылдың қазан айында басталған болатын. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін сыйақының түпкі мөлшерлемесі жылдық 5 пайызды құрайды.











