Облыс бойынша 659,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Бұл ретте егіс алқабын әртараптандыру аясында өсіруге тиімді, шығыны аз, пайдасы жоғары ауыл шаруашылығы дақылдарына басымдық берілді.
Атап айтқанда, 198,9 мың гектарға – жаздық масақты дәнді дақыл, 40,6 мың гектарға – майлы дақыл, 5,6 мың гектарға – қант қызылшасы, 8,9 мың гектарға – картоп, 34,9 мың гектарға – көкөніс, 14,0 мың гектарға – бақша дақылдары, 18,8 мың гектарға – дәндік жүгері, 1,5 мың гектарға – сүрлемдік жүгері, 25,3 мың гектарға – көпжылдық және 3,7 мың гектарға біржылдық шөп егілді. Көктемгі егіс жұмыстарына 8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы тартылды.
Тұқым, тыңайтқыш және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету шаралары уақытылы орындалды. Үкімет тарапынан бөлінген 19,9 мың тонна дизель отынының 13,7 мың тоннасы өңірге жеткізіліп, 9,9 мың тоннасы шаруаларға таратылды. Жоспарланған 99,6 мың тонна минералды тыңайтқыштың 50,4 мың тоннасы 252,2 мың гектар алқапқа ендірілді.
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған «Кең дала 1» және «Кең дала 2» бағдарламаларымен 4,1 миллиард теңгеден астам қаржыға өтінімдер түсіп, оның 3,5 миллиард теңгесі шаруаларға аударылды. 2024 жылы су үнемдеу технологиялары 55,4 мың гектар жерге қолданылған болса, биыл бұл көрсеткіш 11,1 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 66,5 мың гектарға жетті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




