Мал азығын дайындау науқаны аяқталды
Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтың айтуынша, 2025 жылдың 9 айында облыста 362,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Негізгі капиталға 33,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Жыл басынан бері 335 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Биыл 640 мың гектар егістік алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Егістік алқаптарын әртараптандыру мақсатында мал азығы дақылдары 3,6 мың гектарға, майлы дақылдар 5 мың, көкөніс дақылдары – 4,7 мың, бақша дақылдары 7,3 мың гектарға, картоп 1,5 мың гектарға артып отыр. Жалпы, күзгі дала және жинау жұмыстарына 9,3 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы тартылды. Ол үшін мемлекет тарапынан 4,3 мың тонна жеңілдетілген жанаржағармай бөлінді. Бұдан бөлек, көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары аясында облысқа 7 миллиард теңге қаржы қарастырылған болатын.
Бүгінге дейін 209 шаруаға 4,9 миллиард теңге қаражат 5 пайыздық несиемен берілді. Жалпы, республика бойынша барлық түрлерін қоса есептегенде 39,8 миллион тонна мал азығы әзірленді. Бұл қыс маусымында малдарды ұстауға жеткілікті әрі сенімді қор қалыптастырады. Бірқатар облыстар науқанды жоғары деңгейде өткізіп, жоспарды айтарлықтай артығымен орындады. Олардың қатарында: Солтүстік Қазақстан (147,1 пайыз), Шығыс Қазақстан (116,0 пайыз), Алматы (105,6 пайыз), Жетісу (104,5 пайыз), Ақтөбе (103,2 пайыз), Қызылорда (102,3 пайыз), Ұлытау (102,4 пайыз) облыстары бар. С енаж дайындау бойынша Солтүстік Қазақстан (163,5 пайыз), Жамбыл (114,6 пайыз), Қостанай (108,0 пайыз), Алматы (107,5 пайыз), Павлодар (105,0 пайыз, Түркістан (106,2 пайыз), Жетісу (105,1 пайыз) облыстары жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Мал азығы қазіргі деңгейде еліміздің мал шаруашылығы секторының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Яғни, 2025-2026 жылдарға қысқы маусымда малды қыстатуды оңтайлы өткеруге, жемшөп тапшылығы тәуекелдерін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
Суару жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Ақпараттықталдау орталығы Су тұтынуды ерте болжау жүйесінің бір бөлігі саналатын «Биллинг» модулін әзірледі. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов суару суын бөлу және есепке алуды цифрландыру мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді. Жүйе тұтынушылармен «Қазсушар» РМК арасындағы су жеткізуге өтініш беру, келісімшарт жас асу және е с еп айырысу проце стерін цифрландыруға бағытталған.
Қазіргі таңда Су тұтынуды ерте болжау жүйесі қажетті су көлемін көрсете отырып, электронды өтінімдер қалыптастыруға, су көлемін айлар мен ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша бөлуге, бекітілген өтінім негізінде келісімшарт жобасын автоматты түрде жасауға, өтінімдер мен келісімшарттарды ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік береді. Жүйеде қаржы операцияларын автоматтандыруға арналған жеке бөлім бар.
Банктердің екінші деңгейдегі жүйелерімен интеграция жүргізіліп жатыр, бұл шоттарды тікелей банк сервистері арқылы қалыптастыруға және төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ атқарылған жұмыстардың ай сайынғы актілерін автоматты түрде қалыптастыру процесі енгізіліп жатыр. Бұл құжаттарға ЭЦҚ арқылы электронды форматта қол қойылады. Су тұтынуды ерте болжау жүйесі басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіру және электронды құжат айналымын қағаз түріндегі келісімшарттарға балама ретінде заңнамалық тұрғыда бекіту бойынша да жұмыс жүріп жатыр.
«Жүйе қолдануға өте ыңғайлы болады, су тұтынуды жоспарлау мен есепке алуды дәл жүргізуге мүмкіндік беріп, тараптар арасындағы келісімшарт рәсімдерін жеңілдетеді. Бұл шешім қолмен жасалатын операцияларды азайтып, деректердің дәлдігін арттырып, құжат айналымын жылдамдатып, қаржылық есеп айырысудың толық ашықтығын қамтамасыз етеді. Қазір Ақпараттық-талдау орталығының мамандары «Қазсушар» РМК және бассейн инспекцияларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық филиалға және өндірістік учаскелерге жүйені сынақтан өткізіп, үйрену үшін қолжетімділік берілді. Желтоқсан айының басынан бастап оңтүстік өңір мамандарына көшпелі оқыту өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Мейіргүл Қуандықова.
Сараптамалардан түсетін қаражат саланы дамытуға жұмсалады
Халықаралық сауданың өсуі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымының артуы жағдайында фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері ерекше маңызға ие болып отыр. Зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, карантинге жатқызылатын өнімді тиімді бақылау – ішкі нарықты қорғаудың және азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы.
Қараша айынан бастап Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында карантиндік фитосанитариялық сараптаманы ақылы негізде жүргізудің жаңа тәртібі енгізілді. Бұл шешім Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай, Беларусь және Ресей тәжірибесін ескере отырып қабылданды және көршілес мемлекеттермен тең жағдай қалыптастыруға бағытталған. Сараптаманы «Фитосанитария» ШЖҚ РМК жүргізеді.
Жаңа тәртіптің тиімді жұмыс істеуі үшін аталған облыстарға карантинге жатқызылатын өнім жеткізілетін бақылау пункттері айқындалды. Экспортталатын өнімге арналған зертханалық сараптама еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылған. Тәртіпті енгізуге дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушылармен түсіндіру кездесулері өткізілді. Территориялық бөлімшелер мен зертханалардың мамандары қажетті оқыту курсынан өтті.
Инспекция басшыларына сараптамалардың сапалы және уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Жаңа тәртіп фитосанитариялық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сараптамалардан түсетін қаражат саланы дамытуға – зертханалық жабдықтарды жаңартуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталатын болады.
Дәнді-бұршақ дақылдарының өнімі алғаш рет 1 миллион тоннадан асты
Мерсин қаласында өткен AgroFood Summit 2025 аграрлық конференциясы аясында «Азықтүлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен Түрік астық басқармасы (ТМО) өкілдері арасында ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған келіссөздер өтті. Түркия жасымық импортында жетекші орын алып отыр. 2024 жылы елге 141 мың тонна жасымық жеткізілсе, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 226,8 мың тоннаға дейін өсті.
Кездесу барысында тараптар қазақстандық жасымықтың жоғары сапасы, тұрақты жеткізілімдері және тиімді логистикалық тізбектері оның сұранысын арттырып отырғанын атап өтті.
«Қазақстан егіс алаңдарын әртараптандыру бағытын жүйелі түрде жалғастыруда және оның нақты нәтижелері бүгінде айқын байқалады. 2025 жылы дәнді-бұршақ дақылдарының жалпы өнімі алғаш рет 1 миллион тоннадан асып, оның 80 пайызы жасымық болды. Азықтүлік келісімшарт корпорациясы ТМО сұранысына сәйкес ұзақ мерзімді келісімдер аясында азықтық бидайды, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың кең сұрыпталымын жеткізуге әзір», – деді корпорация төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов.
Осы тұста айта кетсек, биыл Жамбыл облысында 8,2 мың гектар картоп дақылының 100 пайызы жиналып, 207 мың тонна, 31,1 мың гектар көкөніс дақылдарының 97,3 пайызы жиналып, 1,2 миллион тонна, 38 мың гектар майлы дақылдар 100 пайыз жиналып, 31,3 мың тонна, 12,7 мың гектар бақша дақылдары 100 пайыз жиналып, 389 мың тонна, 18,1 мың гектар жүгері дақылының 100 пайызы жиналып, 129 мың тонна өнім алынды.
Келіссөздер барысында тараптар қорларды басқару, нарықты реттеу, сатып алу кампанияларын жүргізу және экспорттық жеткізілімдерді ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Түрік мемлекеттік астық басқармасы (ТМО) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қызметіне ұқсас функцияларды орындайды. ТМО астық өндірісін қаржыландырумен, мемлекеттік резервке бидай сатып алумен және ішкі нарықта тұрақты бағаны ұстап тұрумен айналысады.
Шетелге өнімін шығарушы кәсіпорындар саны тағы төртеуге көбейді
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шетелдік нарықтарда бәсекеге қабілетті қазақстандық өнімді ілгерілету, соның ішінде мал өнімдерін БАӘ-ге экспорттауға құқылы отандық кәсіпорындар тізбесін кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Жүйелі шаралардың нәтижесінде биыл тағы 4 кәсіпорын ресми түрде БАӘ импорттаушыларының Реестріне енгізілді. Бұл – ұлттық өнім экспортының ауқымын кеңейтудегі аса маңызды қадам. Аталған шешім отандық өндірушілердің халықаралық қауіпсіздік пен сапа стандарттарының жоғары талаптарына толық сәйкес келетінін растайды.
Осы ретте Қоршаған орта және климат өзгерісі министрлігі жанындағы БАӘ Тағам қауіпсіздігі агенттігінің басшысы Абдулла Джананның ресми сапары аясында Комитет өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Тараптар өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, экспорттық жеткізілімдерді арттыру мүмкіндіктерін және азық-түлік қауіпсіздігін бақылау саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету болашағын талқылады. Сапар барысында МОССАЕ делегациясы 2020 жылдан бері тізілімде бар және БАӘ-ге сиыр еті өнімдерінің негізгі жеткізушілерінің бірі саналатын KAZBEEF кәсіпорнына да барды. Делегация кәсіпорында енгізілген қауіпсіздік, сапа және өнімнің қадағалануы стандарттарына жоғары баға беріп, ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуеті зор екенін атап өтті.
Жалпы, бүгінгі таңда мал өнімдерін өндіру және экспорттаумен айналысатын 14 қазақстандық компания БАӘ импорттаушыларының Реестріне енгізілген. Бұл тізімнің кеңеюі Қазақстанның Таяу Шығыс нарығындағы позицияларын күшейтіп, ұлттық аграрлық экспортты өсіруге қосымша мүмкіндік деуге болады.
Азық-түлік өндірісі кем дегенде 50 пайызға артуы керек
Алматыда «EXPO – Агроөнеркәсіп кешеніндегі озық технологиялар» халықаралық көрмесі өтуде. Ісшараны ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Ресей Ғылым академиясымен бірлесіп ұйымдастыруда. 2025 жылғы 2 сәуірде ресми түрде ашылған іс-шараға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері, ғылыми-білім беру мекемелері, зерттеу орталықтары, технологиялық компаниялар мен стартаптар, инвестициялық қорлар және халықаралық ұйымдар қатысуда.
Көрме Қазақстан мен Ресейдің аграрлық саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді, инновациялық әзірлемелер мен практикалық шешімдерді көрсету үшін негізгі алаңға айналды. Оның мақсаты – ғылым мен бизнестің өзара ісқимылын нығайту, шикізат моделінен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, жоғары қосылған құны бар өнімдерді өндіру және тұрақты құн жасау тізбектерін қалыптастыру.
БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) мәліметтері бойынша, әлемде 800 миллионнан астам адам аштықтан зардап шегеді және 2050 жылға қарай азық-түлік өндірісі кем дегенде 50 пайызға артуы керек. Мұндай жағдайларда Қазақстан мен Ресей айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие бола отырып, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қосар үлесі айрықша болмақ. Екі елдің серіктестігі ресурстарды, ғылыми мектептер мен технологиялық мүмкіндіктерді біріктіріп, бірлескен инновациялар, озық технологияларды жедел енгізу, геоақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект негізінде цифрлық шешімдерді дамыту, сондай-ақ мамандардың жаңа буынын даярлау жолында ықпалды болмақ. Көрменің жеке мазмұндық блогы кез келген азық-түлік саясатының негізінде жатқан өсімдіктердің генетикалық ресурстары мен тұқым шаруашылығы мәселелері болды.
Қатысушылар генетикалық әртүрлілікті сақтау және пайдалану, селекцияны дамыту және климаттық тәуекелдерді е скере отырып, жоғары өнімді және төзімді жаңа сорттарды құру бойынша бірлескен бастамаларға баса назар аударды. Ауқымды шара барысында сондай-ақ пленарлық отырыс және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттарын қамтитын төрт секциялық конференция өтті.
Осы ретте алдыңғы қатарлы технологиялар орталығы аясында басталған бірлескен жобаларға зор көңіл бөлінді. Солардың ішінде, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығының базасында Ресей ғылым академиясымен әріптестік негізінде құрылған «Kaz Agro Carbon» «айна» көміртек полигоны бар. Тағы бір маңызды жоба желтоқсан айының 1-інде Қазақ көкөніс және жеміс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында ашылатын Мичурин бағы. Онда Ресейдің 600-ден астам перспективалы жеміс дақылдарының сорттары отырғызылады.
Бұл бақты болашақ селекциялық бағдарламалар үшін бірлескен далалық генетикалық коллекция және демонстрациялық алаң ретінде қалыптастырып, жеміс өнімдерін терең қайта өңдеу бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді.
Оралхан ДӘУІТ
Ұқсас жаңалықтар
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Қыдыр дарыған Қыдырәлі
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




