
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, биылғы жылға ауданда егістік жер көлеміне 137,8 мың гектар жоспарланған. Оның ішінде негізгі дақылдар саналатын күздік бидай – 17 мың, жаздық арпа – 39 мың, көкөніс – 4,07 мың гектар болса, бақша дақылдарын – 0,3 мың, картопты – 2,8 мың, дәндік жүгеріні – 8 мың, қант қызылшасын – 0,63 мың, сафлорды – 0,2 гектарға себу көзделген.
Сонымен қатар экономикалық және өзге де жағдайларға байланысты былтырғы жылмен салыстырғанда кейбір дақылдар көлемі арта түскенін байқасақ, ал кейбірі керісінше кеміген.
Аудандағы ауыл шаруашылығы бойынша өзге де бағыттарға тоқталып өтсек. Биыл аудан бойынша мал азығы дақылдары 103,4 мың гектар аумақтан жиналмақ. Ал, минералды тыңайтқыштардан 13,2 мың тонна алу жоспарланса, су үнемдеу технологиясын 18 мың гектар жерге орнату көзделген. Оның ішінде 1000 гектарға тамшылатып суару қондырғылары орнатылады деп күтілуде.
Бұл бағытта бірқатар ірі инвестициялық жобалар да қолға алынбақ. Қысқаша тоқталсақ, биыл ауданда тауарлы сүт фермасы, мал бордақылау алаңы, тамшылатып суару қондырғылары және жаңа техника алу көзделіп, инфрақұрылымдық жобалар ішінде көкөніс сақтау қоймаларын ашу, қайта өңдеу саласын дамыту іске асырылмақ.
Жалпы, 2025 жылға арналған жоспарлар ауыл шаруашылығының барлық бағыттарын қамтып, өнім өндіру көлемін арттыруға, жаңа технологияларды енгізуге және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Жоспардың толық жүзеге асуы өңірдің экономикалық өсіміне оң ықпалын тигізеді дегенге сенім мол.
Нұрболат АМАНБЕК
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді