Облыс журналистикасы мен руханияты ауыр қазаға ұшырады. Аймақ журналистикасының ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Тараз қаласының Құрметті ардагері, «Aq jol» газетінің ардагері, сатирик ақын Болат Жаппарұлы 74 жасқа қараған шағында өмірден озды
Мойынқұм ауданындағы ауыз су мәселесі қазір жергілікті биліктің жіті қадағалауында. Бұған аудан әкімі Ермек Карентаевтың өзі бас болып, өңірлік атқамінерлер мен кәсіпкерлер қосшы болып назар аударып, басшылық жасап, атсалысуда. Түйткілді мәселе төңірегінде туындаған ел ішіндегі дау-дамайды басу үшін...
Мойынқұм ауданы облыс территориясының 42 пайызын алып жатқан жер көлемі бойынша өңірдегі бірден бір алып аймақ. Оның алыптығын аумағының Батыс Еуропадағы Голландия, Бельгия, Люксембург және Монако сияқты майда мемлекеттердің жерімен тең келетіндігінен көріп, тануға болады. Аталған аудан кезінде өңір...
Бүгінде оқушылардың заман талабына сәйкес білім алуы үшін балаларға барлық жағдай жасалған. Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Зәуре Әбдірәсілованың айтуынша, ауданда 53 білім беру мекемесі бар. Оның жетеуі бастауыш, біреуі негізгі, 22-сі жалпыға бірдей білім беретін мектептер. Сонымен қ...
Кәсібін құс шаруашылығынан бастаған Зару Қалмұрзаеваның бүгінде аудан орталығында үш сауда дүкені бар. Оның бірі – гүл, екіншісі – тұрмыстық химия заттары, үшіншісі – киім дүкені. Сонымен бірге ол өзі сияқты көпбалалы аналарды жұмыспен қамтып отырған жайы бар.
Өрнек ауылдық округіне қарасты Жарлысу деп аталатын ынтымағы мен берекесі жарасқан ауыл бар. Ол ауылдан елімізге белгілі азаматтар да шыққан. Әр тұрғыны өзінің жұмысын дөңгелетіп, елді мекеннің дамуына үлестерін қосып жатқан жайы бар. Ауыл халқының көпшілігі – еңбек адамдары. Олардың ішінде білікті...
Халық ішінде ел құрметтейтін, сөзіне құлақ қоятын, болмысы бөлек, тұлғасы биік азаматтар болады. Соның бірі – тұғырдан түспеген тұғырлы азамат, денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын дәрігер» медалінің иегері, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Сейітхан Жұмашев.
Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы «Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту» жөніндегі аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оны кеңес төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев жүргізіп отырды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуі...
Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңесінің отырысында бірнеше мәселе қаралды. Жиынды кеңес төрағасы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Талғат Дүйсенов жүргізді.