Бұдан соң өңірдегі күзгі дала жұмыстарының және ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлебек Құлекеев баяндап өтті.
Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдары 640 мың гектар егістік алқапқа орналастырылып, бұл көрс еткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 мың гектарға артып отыр екен. Шілде айынан бастап өңірде егін жинау жұмыстары басталып, бүгінгі күнге 343,5 мың гектар масақты дәнді дақылдардың 316 мың гектары орылып, 283 мың тоннадан астам өнім алыныпты.
– Жалпы ағымдағы жылы 3,6 миллион тонна өнім алу жоспарланып отыр. Күзгі дала және жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында 9,3 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Жинау жұмыстарына мемлекет тарапынан 4,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді. Сондай-ақ Жамбыл облысының Жол картасы аясында агроөнеркәсіп кешені саласында 2025-2027 жылдар аралығында жалпы сомасы 47,5 миллиард теңгеге 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 270 адамды жұмыс орнымен қамту көзделген. Ал ағымдағы жылы құны 32,1 миллиард теңгеге 228 жұмыс орнын құруды көздейтін 15 жоба іске асырылады. 2024 жылы «Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға жеңілдетілген несие беру» бағдарламасын Солтүстік Қазақстан тәжірибесінде іске асыруға бюджеттен 8,5 миллиард теңге бөлініп, 15 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдете қайта өңдеу саласына аса назар аударды. Бұл ретте өңірімізде қытайлық Fufeng Group Ltd компаниясымен құны 350 миллион АҚШ долларын құрайтын, қуаттылығы жылына 1 миллион тонна көлемінде жүгеріні қайта өңдеуге бағытталған зауыт құрылысы қарқынды жүргізілуде. Зауыт биылғы жылдың өзінде 250 мың тонна жүгері өңдеуге дайын. Жоба аясында 1500 тұрақты жұмыс орындары, сондай-ақ құрылыс жұмыстары барысында 4500 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылады. Өздеріңізге белгілі, өңіріміз қант қызылшасын өсіруге ең қолайлы өңірлердің бірі болып табылады. Өңір шаруаларының қант қызылшасын өндірудегі нақты әлеуеті жылына 1,5-2 миллион тоннаны құрайды. Қант қызылшасын өңдеу мәселесін шешу мақсатында қытайлық Zhongkai Guoyuan (Anhui) компаниясымен құны 200 миллион АҚШ долларын құрайтын жылдық қуаттылығы 1 миллион тонна болатын қант қызылшасын өңдейтін жоғары технологиялық зауыт салу көзделген. Бұл өз кезегінде жылына 130 мың тонна ақ қант, 72 мың тонна қызылша ұнын және 54 мың тонна патока өндіруге мүмкіндік береді. Нақты құрылыс жұмыстары осы айда басталып, келесі жылы аяқтау көзделуде, – деді Төлебек Болатұлы.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




