Бөкеңді Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінен білуші едім.Әкеммен бірге қызметтес болған оны мен осы баспасөзге жұмысқа тұрғанда көрдім. Содан бері бірбірімізден көз жазғанымыз жоқ. Ағалы-інілі болып араластық. Ақкөңіл де, ақжарқын Бөкең жарықтық кіммен болса да тез тіл табысып кетуші еді. Әзілқалжыңсыз жүрмейтін.
Досжараннан бастап, әріптестерін де әдемі әзілмен «түйреп», қалжыңмен қағытып отырушы еді. Әсіресе құрдас досы Бақыт Сырлыбаев екеуінің арасындағы әдемі әзілдері ел арасында кеңінен тарап кеткен. Қазақи қалжыңмен жүрген, елге күлкі ғана сыйлай білген Болат Жаппарұлы енді келместің кемесіне мініп кетті дегенге сенер, сенбесімді білмей сұлқ отырмын. Қызықты хикаяттар мен қазақи қалжыңдарға арналған «Қойыртпақ», одан соң «Нағыз қойыртпақ» деген қос кітап шығарып, енді мерейжасына орай баспадан шығатын кітабы қашан қолға тиер екен деп жүргенде сом жүрек соғуын тоқтатыпты.
Бөкеңді әріптестері мен жақын достары Жаппа р ұлыны ң жалғызы деуші еді. Бір тәубә етерлігі сол Жаппардың жалғызын өрбітер артында ұрпағы, ұл-қыздары қалды. Соларға Құдай қуат берсін!
Болат Жаппарұлының жанжары Күләй жеңгеме, туғантуыстары мен балаларына және жан досы Бақыт Сырлыбаев пен әріптес-қаламгер достарына қайғырып, көңіл айтамын.
Бақытжан СОВЕТҰЛЫ
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
Қоштасу жыры
Ақ көңілді арысым!
Жаңғыртушы ең тау ішін.
Жеті қырды ассаң да,
Жетті бізге дауысың.
Жасын тектес қалыппен,
Жарқылдайтын намысың!
Ештемең жоқ көнерген,
Қолын соқты көрермен.
Алыстата алмайтын,
Ешқандай күш сені елден.
Жаралғаның ақиқат,
Жалын шашқан өнерден.
Жақсы адамдар – жақының,
Жауаптарың – батыл үн.
Ән жазбайтын сазгерім,
Жыр жазбайтын ақыным!
Төсегіңе жаттың да,
Ұйықтап кеттің ақырын!
Еркесі едің көптің сен,
Тұлпар болып өттің сен!
Артық теңеу емес-ау,
Арманы жоқ деп білсем.
Жәнібектің қасына,
Жәнібекше кеттің сен!
Хош, ардақты, бауырым!
Курстастарының атынан Батық МӘЖИТҰЛЫ.
Жауы жоқ жалғыз қазақ сен едің, Бөке!
Ақпейілді, ақ жағалы ардақтым- ай. Арындаған қалпыңмен жетпіске жетіп сүріндің-ау. Бар қазақ саған дос еді-ау, Болат дос! Мына жалғанда «Аспанда Құдай, жерде Күләй» деп қалжыңдап жүріп, жердегі Күләйыңа қарамай аспандағы Құдайыңа неге сонша асықтың, Жаппардың жалғыз-ау. Біраз жүре тұруың керек еді ортамызда.
Ана Ақылша әкем бастаған соғыс ардагерлеріне арнап жинастырып жатқан кітапты аяғына жеткізбей кеткенің не? Тым болмаса кітабыңның баспадан шыққанын да көре алмадың-ау. Бар азабын арқалап соңғы нүктесін қойған күні өз өміріңе де нүкте қойыпсың. Бұл енді журналистік ғұмырыңа қойған ескерткішің шығар, бәлкім.
Болат Жаппарұлы журналистикалық жолында кейінгі буынға нағыз еңбекқорлық өнегесін көрсетті. Тыным таппады. Жазды, сынады, өзі сынаған мәселелерін әзіл әңгімелеріне арқау етті. Табандылығының арқасында шындықтың жолынан танбады. Тақырып тапқанда да шебер еді.
Талай жылғы әзіл әңгімелерін алғашында жәй «қойыртпақтан» шын «қойыртпаққа» жеткізді. Қоғамдағы келеңсіз қойыртпақты әзіл қазанында қайнатты. Сатирасымен сүзді, қыршыңқы тілімен қиып түсті.
Соңғы жылд ры, яғни зейнетке шыққаннан кейін ардагерлер ортасында жүріп, еліне, жеріне адал еңбек етіп, ел құрметіне бөленген құрметті қарияларды түгендеуің де тынымсыз еңбек екенін білдің. Бірақ тынымсыз ізденіп, өзің білген мәліметтерге тың деректер іздеп қосу сенің ғана қолыңнан келді.
Әй, Бөке-ай, өмір бізді осылай еркелетіп қоймасын бала кезден сездің-ау! Сен сүрінбеген соқпақ бар ма, сен сынамаған сала бар ма!? Сендегі «мінез» бәрінен алып шықты. Журналистикада шыңдалған сара жолыңның ізі сайрап жатыр.
Бақұл бол, Болат дос!!!
Асқарбек СЕЙІЛХАН
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі,
Қазақстанның Құрметті журналисі.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




