Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Жамбыл мұрасының құндылығын кеңінен таныту, өлең-жыр арқылы ұлттық рухты нығайту, оқушылардың көркем сөзге деген қызығушылығын арттыру. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Жазылбек Алдабеков Ж.Жабаевтың халқымыздың тарихы мен тағдыры, арман-мұраты, бірлік пен ынтымағы, достығы қамтылған жырлары баға жетпес рухани қазына екеніне тоқталды. Сондай-ақ ақынның өлең-жырларынан үзінділер оқып, мысал келтірді.
Кешке қатысушылар іс-шара барысында жыр алыбының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, оның жырларындағы елдік, бірлік, адамгершілік идеялар насихатталды. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Мұнда қос мектептің оқушылары Қаршыға Төлеген, Телеу Құрмет, Рамина Рахымжанқызы, Думан Игілік, Елнұр Саматұлы, Шыңғыс Досбол, Асылжан Нұрболатұлы, Аяужан Оралбекқызы және тағы басқалары белсенділік танытып, Жамбылдың жырларын мәнерлеп оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Жамбыл бейнесі – тек жырда ғана емес, сахнада да мәңгілік. Осы ретте Асқар Тоқпанов атындағы академиялық драма театры актерлерінің орындауында Иран-Ғайыптың «Жамбылдың қызыл жолбарысы» театрландырылған қойылымынан үзінді көрсетілді.
Кеш соңында оқушыларға «Даңқ» залындағы жәдігерлер таныстырылды.
Құрманғазы ДЕМЕШЕВ,
«Даңқ» залы Б.Момышұлы музейінің меңгерушісі.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- Бүгін, 10:38
Телегония мен тектілік текетіресі
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- Бүгін, 10:53
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- Бүгін, 10:38
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




