- Advertisement -

Баспасөз орталығы – жаңа қоныста

84

- Advertisement -

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты Өңірлік коммуни-кациялар қызметінің баспасөз орталығы жаңа қонысқа көшті. Жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, БАҚ өкілдері үшін ашық диалог алаңын ұсынып отырған орталық енді нағыз атына заты сай болды. «Баспасөз үйінің» бірінші қабатына көшіп келген облыстық ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі кеше алғашқы брифингін өткізді.
«Достық» алаңындағы «Баспасөз үйінде» облыстық «Аq jol» және «Знамя труда» газеттерінің редакциялары орналасқаны белгілі. Міне, енді осы ғимаратқа өңірдегі барлық БАҚ-ты қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін орталық көшіп келді. Жаңа орталықты жөндеу, әрлеу және оған жабдықтау жұмыстары тез аяқталды. Оған ең алдымен ішкі саясат басқармасы басшылығының бастамашы болғанын айта кеткен жөн.
Бұл қадам өңір тұрғын-дарын ақпараттандыру ісін алға ілгерілетіп, өңірдің экономикалық және басқа да салаларының дамуына өз үлесін қосады деген сенім мол. Ал облыс журналистері баспасөз орталығының қолайлы жерге қоныстанғанына риза. Өйткені «Баспасөз үйі» Тараз қаласының тура орталығына орналасқан.

«Аq jol-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support