- Advertisement -

Бәрі де ел игілігі үшін

36

- Advertisement -

Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында және мықты стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламаларының жемісті жүргізілуі нәтижесінде еліміз қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, саяси, әлеуметтік жағдайы тұрақты, экономикалық даму деңгейін сақтаған, өзіндік дара жолын таңдаған мемлекетке айналды. Бұл жетістіктерге жетуімізге құрылғанына биыл 20 жыл толғалы отырған «Нұр Отан» партиясы да елеулі үлес қосып келеді.
Партияның негізін құраушы бастауыш партия ұйымдары екені мәлім. Сондықтан да олардың жұмысын жандандыру, белсенділігін арттыру арқылы халықпен кері байланыс орнатуға мән берілуде. Былтыр тұңғыш рет бастауыш ұйымдардың республикалық форумы өткізілді.
Бүгінде аудандағы барлық 22 бастауыш ұйым жеке жұмыс кабинетімен қамтылып, материалдық-техникалық базасын жаңғыртуды қолға алды. Олардың жетекшілерімен партияның қоғамдағы рөлі мен алда тұрған міндеттер талқыланып, нұротандықтардың жауапкершілігі арттыру мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Бұл қадам олардың жұмысын жандандыруға серпін беріп, нәтижесінде облыстық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауында «Биназар» ұйымы (төрайымы Г.Манашева) үздіктер қатарынан көрініп, екінші орынды иеленді.
Ішкі партиялық жұмыстарды жаңғыртудың арқасында кадрлық резерв жүйесі жанданып, нұротандықтардың жауапкершілігі жыл санап артып келеді. Тек 2018 жылдың өзінде наурыз және қазан айларында аудандық мәслихат депутатының бос орындарына сайлау өткізіліп, екі сайлауда да «Нұр Отан» партиясының кадрлық резервінен ұсынылған үміткерлер П.Рысымбетов пен А.Сәлібеков жеңіске жетіп, депутат мандатын иеленді.
Қоғамдағы басты мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық екендігі рас. Аудандық филиал жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес сыбайластыққа қарсы күрес жүргізуде бастамашылдық танытып, белсенді жұмыс жүргізуде. Оның 7 мүшесінің 2-еуі – аудандық мәслихаттың депутаттары. Құрылым 2018 жылы 6 отырыс өткізіп, аудандық жер қатынастары бөлімінің, Хантау ауылдық округі әкімінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы туралы есептерін және басқа да мәселелерді қарап, тиісті шаралар қабылдады.
Ал мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау шараларын тұрақты жүргізіп отыратын партиялық бақылау комиссиясы былтыр 7 отырыс өткізіп, 10 қаулы қабылдады. Күн тәртібіне сәйкес, аудандық мәслихаттың депутаты Т.Кәрібаеваның 2017 жылы атқарған жұмысы сараланып, ішкіпартиялық тәртіпті нығайту, мектептердің 2018-2019 оқу жылына және қысқы маусымға дайындығы, «Өңірлерді дамыту – 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» және «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылған жұмыстар талқыланып, орын алған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар берілді.
«Нұр Отан» әу бастан қоғамдық қабылдау шараларына зор басымдық беріп келеді. Өйткені халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оларға көмек көрсету, сайлаушылардың сенімін ақтау – партияның басты ұстанымы. Былтыр партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 265 адам өтінішпен қайырылып, олардың 110-ы оң шешімін тапты.
Көшпелі, тақырыптық және «скайп» байланысы арқылы қоғамдық қабылдаулар кестеге сәйкес өткізілуде. Жыл басынан бері 1 рет көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізіліп, облыстық мәслихат депутаты Ж.Әйтішев пен заңгерлер тұрғындарға кеңес берді. Іс-шарада 5 азаматтың өтініші қабылданып, тиісті жауаптар берілді.
Партия әлеуметтік жағынан аз қамтылған қарттар мен мүгедектерге, көп балалы аналар мен жетім балаларға көмек көрсету мәселесін де назардан тыс қалдырған емес. «Нұр Отан» мұндай шараларға мойынқұмдықтарды жұмылдыруға үнемі ұйытқы болып келеді. Партияның бастамашыл жобалары аясында Мойынқұм ауылында 1 IT сынып пен коворкинг орталығы ашылып, қызмет көрсетуде.
Ендігі басты міндеттің бірі – Партия төрағасы-Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткен дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұған дейінгі межеленген жұмыстардың орындалуы – еліміздің экономикалық тұрақты дамуына септігін тигізіп отыр. Биыл 20 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы да ел игілігі үшін табысты еңбек ете береді.

Манарбек КӨШКІМБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы
аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support