- Advertisement -

Әлемнің 123 елінде 800 түрлі қазақстандық тауар тұтынылады 

50

- Advertisement -

Отандық балық және балық өнімдері Еуропа мен Азия елдеріне экспортталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Қытай тарапынан сұраныс жоғары. Айтпақшы, Қазақстан мен аспан асты елінің ветеринарлық сертификаты теңестірілген. Бұл өз кезегінде экспорт үлесін еселеуге сеп.

Өткен жылы Қазақстандағы жалпы экспорт өсімі импорттан 5 есеге артық болды. Осылайша, тауарларды шетелге шығару 45,4 млрд АҚШ долларын құраған.

Биыл елдегі жалпы экспорт көлемі 54,1 миллиард долларды құрайды. Ал 2023 жылы көрсеткіш 65,7 миллиард долларға жетуі тиіс. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі хабарлады. Жалпы әлемнің 123 елінде 800 түрлі қазақстандық тауар тұтынылады. Табиғи қазба байлықтары мен азық-түліктен бөлек, пластмасса өнімдері, текстиль, сусындар мен сірке су, мойынтірек, көлік құралдары мен жабдықтары шетелде сұранысқа ие. Әсіресе, Беларусь, Литва, Қырғызстан және Ресейде отандық өнімдерге қызығушылық басым. Мысалы, пластмасса мен текстильдің 90 пайызы көршілес Ресейге жіберіледі.

Өткен жылы Түркиядан Ресейге 3 млрд 453 млн долларлық тауар сатылды. Әсіресе, орыстар түріктің көкөнісі мен жеміс-жидегін жиі тұтынады. Бұл үшін Ресей 659 млн 526 мың доллар жұмсады. Автомобиль өнеркәсібінен түрік қазынасына 453 млн 572 мың доллар кіріс түсті. Ресейден Түркияға тасымалданған тауарлар құны 13 млрд доллардан асты. Түріктер Ресей өнімдерін шикізат күйінде алуды құп көреді. Жалпы екі елдің тауар айналымы өткен жылы 34 пайызға артып, 15,4 млрд долларға жетті. Қос тарап келешекте бұл көрсеткішті жылына 100 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр.

Мысалы, биыл Ресейде түрік саяхатшылары үшін визасыз режим орнауы мүмкін. Өткен жылы 6 млн ресейлік Түркияда дем алған. Бұл туралы елдің Мәскеудегі елшісі Мехмет Самсар жеткізді. Айтпақшы, Түркия Президенті 2019 жылдағы алғашқы жұмыс сапарын Ресейге жоспарлаған.

Ал Қазақстанда құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 60 пайыздан астамы тұралап тұр. Не тек қағаз жүзінде құрылған. Бір ғана Шығыс Қазақстанда жүзге жуық копператив жұмыс істемейді. Жалпы 432 ұжымдастықтың дені өңірдегі кәсіпкерлер палатасының қолдауымен құрылған. Оған 11 мыңнан аса шаруашылық тіркелді. Алайда жүргізілген мониторинг 54 кооперативтің уақытша, 42-і мүлде тоқтап тұрғанын көрсетті. «Оған ауылшаруашылық маңызға ие жер телімдерінің жетіспеушілігі және ірі қара азығын алудың субсидияланбауы себеп», – дейді мамандар. Енді өңірде ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша ірі шаруашылықтарға ұсақтарды қосу жұмыстары жүргізіледі. Оның нәтижесінде сүт бағытында 12, ет бағытында 7, ара шаруашылығы бойынша 1 зәкірлі жоба қолға алынбақ.

2020 жылы Еуропалық қайта құру және Даму банкі жалпы инвестицияның 40 пайызын жасыл экономикаға бағыттамақ. Әзірге бұл көрсеткіш 36 пайызға тең. Қаржы ұйымы қазақстандықтардың жасыл экономика мен жаңартылатын баламалы қуат көздерін дамытуға көңіл бөлетінін құптайды. Соның дәлелі болар, қаржы ұйымы өткен жылы бірқатар өңірдегі жеке және мемлекеттік жобаларды қаржыландырған. Жіктер болсақ, қуаты 28 мВТ болатын Су электр стансасын салуға 35 млн доллар несие берілді. Байқоңырдағы қуаты 50 МВт-тан асатын күн электр стансасының құрылысы үшін 10,4 млн доллар, Қарағанды облысындағы 40 МВт-тық күн электр стансаның салуға 22 млн доллар бөлді. Жалпы банк тарапынан отандық жобаларға 541 млн доллар аударылған.

Қазақстандағы қор биржасында америкалық валюта құны теңгеге шаққанда 378 теңге 66 тиынға бағаланды.

24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support