- Advertisement -

Қала көркі көз тартатын ғимараттарымен әсем

159

- Advertisement -

Дала болсын, қала болсын сұлулығымен, көркемдігімен ерекшеленеді. Әсемдік қашанда алдыңғы қатарда тұрғаны жөн. Бұл – құрылыс, сәулет, архитектура салаларының мамандарын ойландыратын мәселе. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен құрылыс саласы бойынша өңірлік кеңесте облысқа белгілі кәсіпкерлердің ұсыныс-тілегі тыңдалды.

Жиында облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек алғаш сөз сөйлеп, оны одан әрі үйлестіріп отырды. Мұнан соң облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Қайрат Сыдықов Жер туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы хабарлама жасады. Ол өз сөзінде қаладағы құрылысқа деп бөлінген жерлердің Тараздың келбетіне сай болуы керектігін айтты. Мұнан соң «Альтайс-Груп» компаниясының директоры Әлімбек Жұмабаев кәсіпкерлер ұсынған жобалардың сызба нұсқасының талапқа сай болуына тоқталып, кәсіпкерлерге қолдаудың арта беруі қажеттігі жөнінде ұсынысын білдірді. Кеңесте белгілі кәсіпкерлер Анатолий Пак, Шахиста Мұхамеджановтар да өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ жиында Тараз шаһарында көркі көз тартатын сәулет құрылыстарының аздығы, құрылыс үшін жер телімін алғандардың техникалық құжаттамалары талапқа сәйкес болуы керектігі айтылды. Бұл орайда Тараз қаласының тұрғыны Әбдікерім Мылтықбаев өзі ашқан дүкеніне үш айдан бері құжат ала алмай жүргенін жеткізді.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов дәл мұндай жағдайда жүрген азаматтардың аз емес екенін айта келіп, мәселені жылдам шешуді және Тараздағы барлық жұмыстың талапқа сай болуын құрылыс, жер саласына қатысты бірқатар басқармалардың басшыларына тапсырды. Сондай-ақ ол осы өңірлік кеңес отырысы айына екі рет тұрақты өткізіліп тұратынын, облыстың дамуы жолында жарқын бастамаларды айтатын алаңға айналатынын атап өтті.

Есет Досалы

Суреттерді түсірген
Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support