Салынып жатқан үйлердің бағасы жаңа үйлерден қаншалық арзан?

Жаңадан салынған үйлердің бағасы қымбаттап келеді. Бір жылда қолданысқа берілген үйлердің бағасы 5,2% артып, Қазақстан бойынша орташа бағасы 263,1 мың теңгені құрады.

Сәуір айының қорытындысы бойынша, Астанада пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 5,7% қымбаттап, 332,7 мың теңгені құрады. Ал оңтүстік астанада керісінше пәтер бағасы 4,6% арзандап, 325,6 мың теңге болды.

2018 жылдың алғашқы төрт айында үйді сату және сатып алу туралы 72,9 мың келісімшарт жасалды. Бұл көрсеткіш бір жылда 4,5% өсіп отыр.

Қолданысқа жаңа берілген үйлерге қарағанда, салынып жатқан үйлердің бағасы арзан болмақ. Пәтер таңдауға арналған Flatfy.kz онлайн сервисінің мәліметінше, Алматыда 2020 жылы қолданысқа берілетін үйлердің бағасы 2017 жылы берілген үйлерге қарағанда 42,3% арзан. 2019 жылы қолданысқа берілетін үйлер 13,2%, ал 2018 жылы берілетіндер 11,2% арзан.

Астана қаласындағы жағдай осыған ұқсас. Аталған қалада 2017 жылы қолданысқа берілген үйлерге қарағанда, 2019 жылы берілетін үйлердің бағасы 4,3% төмен. Ал арғы жылы 16,3% арзан болмақ.

Салынып жатқан үйлерді сатып алу бағасы жағынан тиімді болғанымен, алаяқтарға алданып қалу қаупі жоғары. Бүгінгі таңда ел бойынша 85 компания ғана үлескерден ақша алуға рұқсат алған. Сондай-ақ, көптеген үй салып жатқан құрылыс компаниялары заңды айналып өтуге тырысады. Осының салдарынан мұндай компанияларға ақша берген үлескерлер үйсіз қалулары мүмкін.

Бірақ, салынып жатқан үйлерді сатып алу кезінде алаяқтарға алданып қалу қаупі жоғары болады. Бүгінгі таңда ел бойынша 85 компания ғана үлескерден ақша алуға рұқсат алған. Сондай-ақ, көптеген үй салушылар заңды айналып өтуге тырысады. Осының салдарынан мұндай компанияларға ақша берген үлескерлер үйсіз қалулары мүмкін.

Baq.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/