- Advertisement -

Дияр Бақыт «Бала даусының» бас жүлдесіне таласады

116

- Advertisement -

Қалалық Мәдениет үйінде Әлия Назарбаева жетекшілік ететін «Жандану әлемі» қорының ұйытқы болуымен «Бала даусы» ұлттық балалар ән байқауының облыстық іріктеуі өткізілді.
Талабы мен таланты қатар ұштасқан жүздеген бала белгілі өнер жұлдыздарының алдында өнер көрсетті. Іріктеуден тек қана бір бүлдіршіннің өтетіні белгілі. Сондықтан да жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау оңайға соқпады. Қорытындысында 12 жасар Дияр Бақыттың өнерін жоғары бағалаған қазылар алқасы оны жеңімпаз деп тапты. Енді Дияр Алматы қаласындағы «Алматы-Арена» мұз айдынында 27-29 қазанда өтетін супер финалға қатысып, бас жүлдеге таласатын болады.
Супер финалда 16 өңірден оза шапқан бүлдіршіндер бақ сынайды. Олар тікелей эфирде көрсетілетін 3 концерттік бағдарламаға қатысады. Талапкерлер жұлдызды тәлімгерлерінің репертуарынан, халық әндерінен және әлемдік хит шығармалардан бір-бір әннен орындайды. Жоба жеңімпазын қазылар алқасы және телекөрермендер дауыс беру арқылы шешеді. Ұлттық ән байқауында қатарының алды болып жеңіске жеткен қатысушы Париждің Диснейлед орталығына жолдама алып, еліміздегі таңдаулы музыкалық оқу орындарының бірінде оқиды. «Мен ұлымның ән айту қабілеті бар екенін бұрыннан байқайтынмын. Баламның бүгінгі іріктеуден іркілмей өткенін естігенде қатты қуандым. Ұйымдастырушылардың маған хабарласқаны көңілімді көкке көтерді. Диярыммен мақтанамын. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін», – дейді жеңімпаздың анасы Әсем Махашева қуанышын жасыра алмай.

Табиғат абаилдаев,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support