- Advertisement -

«Ауыл» қайта тіркелді

82

- Advertisement -

Жуырда «Ауыл» партиясы Жамбыл облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өткізілді. Онда «Ауыл» партиясы облыстық филиалының барлық аудандық және қалалық филиалдарының жалпы 81 өкілі жиылды. Конференция барысында партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Ерболат Саурықов сайланды. Оның жұмысына «Ауыл» ХДПП төрағасы, Қазақстан Республикасы Сенат депутаты Ә.Бектаев қатысты. Ә. Бектаев өзінің сөзінде: «Ауыл тұрғындарының еңбегі әділетті түрде, жоғары деңгейде төленуі қажет», – деп атап өтті.

– Бүгінгі таңда елдің экономикалық дамуының локомотиві ауыл шаруашылығы болуы ықтимал. Бұл – ауыл тұрғындарының әділетті еңбек ақысы, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өніміне әділетті баға және ауылға деген әділетті әлеуметтік саясат деген сөз, – деп сөзін жалғастырды Ә. Бектаев.
«Ауыл» партиясының мақсаты – мемлекетімізді жаңа формацияға көтеру, мемлекеттік басқаруды түбегейлі өзгерту, қоғамдық қатынастарды жетілдіру, ең негізгісі, әлемдік дағдарысқа қарамай, экономикалық өсімді, халқымыздың әлеуетін жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Айта кетсек, үстіміздегі жылы 5 қыркүйекте Астанада «Ауыл» социал-демократиялық партиясының кезектен тыс съезі өткен болатын. Қазір партия қайтадан тіркелу үдерісін жүргізуде.

«Ауыл» халықтық-демократиялық, патриоттық партиясының
орталық аппараты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support