- Advertisement -

Жамбыл облысында бөлтіріктерді азаптап өлтірген күдіктілер ұсталды

80

- Advertisement -

Биыл тамыз айында әлеуметтік желілерде қасқыр бөлтіріктерін азаптап өлтірген бейнеролик жарияланып, ол қоғамның ашуын туғызған болатын. Мұнан кейін тәртіп сақшылары бұл факт бойынша іс қозғап, бүгінде күдіктілерді қолға түсіріп отыр.

Белгілі болғандай, оқиға Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында орын алған. Жедел іздестіру шаралары барысында аудандық ішкі істер басқармасы 19 және 21 жас аралығындағы күдіктілерді қолға түсірді. Олар өз кінәларын мойындап отыр.

Аталған тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабының 2-бөлігі – Жануарларға қатыгездiк жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғалардың кінәсі толық дәлелденген жағдайда, оларға 500 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не болмаса тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жаза тағайындалуы мүмкін.

Қазіргі таңда осы дерек бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, сот қарауына жолданды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support