- Advertisement -

Балалардың құқын қорғау мәселелері талқыланды

199

- Advertisement -

Бала құқықтары туралы конвенцияның қабылданған күніне орай әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде сенатор Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті. «Балалардың хал-ахуалы және олардың құқықтарының қорғалуы» тақырыбындағы жиында білім беру, даму мәселелері және балаларды қорғау саласындағы проблемаларды кешенді түрде шешу жолдары сөз болды. Сенатор елімізде балалардың құқын қорғау мәселелеріне жоғары деңгейде ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған байланысты балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларында нақты шаралар қабылдау маңызды. Балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу жағдайлары Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында көбейіп барады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаудың, суицидтің алдын алудың және әр баланың құқықтарын қамтамасыз етудің кешенді жоспарының қажеттілігі артты. Тағы бір мәселе – балалардың жекеменшік балабақшадағы жағдайы. Жекеменшік балабақшаларда қызмет көрсету сапасын арттыратын уақыт жетті, – деді Н.Төреғалиев.

Бұдан кейін, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин баяндама жасады. Бұл басқосуға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен БҰҰ, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының өкілдері арнайы қатысқан болатын.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support