- Advertisement -

Тәртіп – бәріне ортақ

77

- Advertisement -

Әдеп Кодексінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары қандай болуы керектігі тайға таңба басқандай көрсетілген. Бұл Кодекс – әрбір мемлекеттік қызметшінің және жалпы адамның кез келген ортада өзін-өзі қалыпты ұстауға, қарапайым болуға, белгілі бір талаптар мен тәртіптерге бағынуға, қарым-қатынас кезінде сыпайылық пен адалдық танытуға әрі түзу болуға міндеттейді. Кодекс талаптарының орындалуы мен сақталуын қашанда назарда ұстаған жөн. Бұл – өркениет көшіне бет түзеудің төте жолы.

Облыс бойынша қазынашылық департаментінде әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, сондай-ақ Әдеп Кодексі талаптарының бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша жүйелі жоспарлар бекітілген.

Департамент басшылығы БАҚ-та жарияланған ақпараттардың дұрыстығын, қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта жеке мүддесіне пайдаланбауын назарда ұстап, қызметкерлердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу үшін тиісті шараларды қолға алған.

Мониторингтік талдау барысында қызметкерлер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталды. Нәтижесінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық-анықтамалық мәліметтері бойынша департамент қызметкерлеріне салынған айыппұл толықтай өтелді.

Жалпы, Әдеп Кодексін сақтау – мемлекеттік қызметкердің басты міндеті. Бұл ретте арнайы жиындар өтіп, онда мемқызметшінің әдеп сақтауы құндылық екендігі айтылады. Ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерінің қатысуымен ҚР кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау бойынша арнайы семинар-кеңес өткізілді.

Ал аудандық қазынашылық басқармалары қызметкерлері «ZOOM» платформасы арқылы онлайн форматта «2022 жылдың 6 айында Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы туралы БАҚ-дағы жағымсыз жарияланымдар мониторингі» тақырыбында жүргізілген дәріс сабағын тыңдады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және Әдеп Кодексі бойынша бас-аяғы 18 семинар-кеңес ұйымдастырылды. Сондай-ақ аудандық деңгейдегі баспасөз беттерінде Әдеп Кодексінің нормаларын сақтауға шақыратын «Әдеп Кодексі – әдептілік негізі», «Ең басты мақсат – мемлекетке адал қызмет ету» және «Қызметтік әдеп – ашықтықтың нышаны» тақырыбында мақалалар жарияланды.

Қорыта айтқанда, Әдеп Кодексі қарапайым халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуда маңызды рөл атқарады.

 

Жазылбек БУХАШЕВ,

облыс бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support