- Advertisement -

Мұғалімдер мен оқушылар үшін 990 теңгелік арзан тариф құрылды

83

- Advertisement -

Қазақстанда оқушылар мен оқытушылар арасындағы байланыс үшін арнайы тариф іске қосылуда.  

Тарифтің ай сайынғы абоненттік төлем көлемі 990 теңгені құрайды.

Мұндай тариф қазір бар. Жетекші ұялы байланыс операторлары 990 теңгеге «Bilim» тарифін жасады. Ол оқу жылының басынан бастап қолжетімді болады. (…) Осы тарифті қолданғандардан Kundelik.kz ресурстарына кіріп-шығып, жұмыс істегендерден ешқандай мегабайт алынбайды, — деді «Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске сала кетелік, бірінші рет бұл тариф жайлы бұрынғы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеген еді. Ол бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушылар арасында шексіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің білім ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететіндігін атап өткен.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support