- Advertisement -

Ауғанстанды екі президент қатар басқаратын болды

23

- Advertisement -

Өткен қыркүйек айында Ауғанстанда президент сайлауы өтіп, бұрынғы президент Ашраф Ғани орындығына қайта орныққан болатын. Оның қарсыласы мамандығы дәрігер Абдуллах Абдуллах сайлау қортындысын жоққа шығарып, көптен бері саяси таңдау дұрыс жасалмағанын айтып, дау тудырған еді. Жуықта таққа таласқан қос президент қатар ант қабылдады.

Олар кеше билік бөлісу жөніндегі шартқа қол қойды. Сөйтіп аталған елді екі президент басқаратын болды. Жоғарыдағы шарт бойынша қос президент министрлерді бөліп басқарып, нәтижесінде ұзақ жылдан бері берекесі бұзылып, кетеуі кеткен мемлекеттің беделін көрермекші.

Қос президенттің бірі Абдуллах қазіргі таңда уақытша байырқалап тұрған талибандықтармен бейбіт келісім орнату үшін іске кірісіп кеткен көрінеді.

Осы орайды бағып отырған АҚШ қос басшыға ел ішінде бейбітшілік орнамаса бергелі отырған бір триллион доллар көмек қаржыны тоқтатамыз деген қатаң талап қойыпты.

 

egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support