Таразда үшем дүниеге келді

Альмира ОМАРОВА

Облыс орталығында екінші үшем дүниеге келді. Тараздық 33 жастағы Райхан Шахарбаеваның бұл екінші жүктілігі еді. Облыстық көпбейінді ауруханасында босанған оның 1 ұл және 2 қызы мерзімінен бұрын, нақтырақ айтқанда, жүктіліктің 33-аптасында кесарь тілігімен туылған. Шақалақтарға азан шақырып Арман, Асылай, Арсен атты есімдер қойылды. 28 сәуір күні өмір есігін ашқан олардың салмақтары тиісінше 2235, 1679, 1619 грамм болыпты.
– Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Дәрігерлер сәбилерімнің жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр, – деген Райханмен тілдескен біз нәрестелердің жағдайлары жақсы, өзінің де денсаулығы ойдағыдай екенін білдік.
Қуаныш иесі 11 мамыр күні үйіне шығарылыпты. Бұрынғы Былғары комбинатының жатақханасының екі бөлмесін жалдап отырған оларды шаңырағында 4 жастағы Аяла есімді қызы мен жұбайы Абзал Бөгенбаев күтіп алды. Ол Тараз металлургиялық зауытында жұмысшы болса, Райханның өзі осыған дейін еш жерде жұмыс істемеген екен.

Тараз қаласы.

Comments are closed.