- Advertisement -

Коронавируспен күресу үшін 6 миллионға жуық медбике жетіспейді — ДСҰ

36

- Advertisement -

Коронавируспен күресу үшін дүние жүзі бойынша қосымша 5,9 миллион медбике жұмылуы керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баяндамада әлем бойынша COVID-19 пандемиясымен күресетін дәрігерлердің тапшы екені айтылады.

«Бүкіл әлем бойынша 28 миллионнан аса медбике бар. 2013-2016 жылдар аралығында олардың саны бес миллионға өскен болатын. Алайда қазіргі COVID-19 пандемиясын ескерсек, тағы 5,9 миллион медбике қажет», — делінген баяндамада.

Ұйымның мәліметінше, Африка, Оңтүстік-шығыс Азия мен Латын Америкасы елдерінде кадр тапшылығы ерекше байқалады.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support