- Advertisement -

Баға жетпес байлығымыз

94

- Advertisement -

Тәу етер тәуелсіздік ұзақ жыл санаға сіңген қасаң қағидалардың өзін өзгертіп жібергені мәлім. Соған қарай республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүниетанымы да өсті. Дегенмен нарықтық кезеңнің қатаң ұстанымдары біздің рухани әлемімізге де әсерін тигізбей қоймады. Сондықтан жастардың бойына адамгершіліктен аттатпайтын, ұлттық әрі отбасылық құныдылықтарды сіңіру қажет болды. Ұлтымыздың ұлы мұраларын жаңғырту, яғни ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу мақсаты осыдан туындаған.
Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады, олар – ана тілі, әдет-ғұрпы, тарихы, діні, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық қолөнері, тағы басқа ерекше қасиеттері. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі, түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл. Ол ежелден жазба мәдениеті бар, әдеби тіл. Төл тілімізде жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу дағдысы, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс», – деп оның қоғам өміріндегі орны мен рөлін, қадір-қасиетін айрықша атап көрсеткен болатын. «Тіл тағдыры – ел тағдыры» болғандықтан, мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі қолданысы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметі, оның бүгіні мен болашағына толғанатын қауымның тіл мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
«Ана тілі дегеніміз – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі… Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді», – деп Ғ.Мүсірепов айтқандай, тіл – ойдың елшісі. Ол – ұлттың өміршеңдігін көрсеткіш.
Қазақ халқы – өз ана тілін ардақ тұтып, ерте заманнан тіл шеберлігіне, сөйлеу мәдениетіне айырықша мән беріп, ұқыпты қараған. Сөз қадірін білуге баланы тілі шыққан кезден-ақ тәрбиелеген. Ана тілі – әр ұлттың негізгі қасиетті белгісі, ұлттың жан дүниесі. Тіл – халықтың қымбат қазынасы, х рухани байлығы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, мәдениеті. Ана тілі – баға жетпес байлығымыз.

Майра Қалтаева,
облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support