- Advertisement -

Исламхан «Қайратта» қалды ма?

90

- Advertisement -

Тараз футболының түлегі, ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламхан жақын күндері басқа елдің клубына ауысады деген ақпарат тарап кеткен еді. Тіпті қайсыбір мәліметтерге сенсек, Бауыржан Исламхан ресейлік «Локомотив» футбол клубының жейдесін киюге тиіс болған. Өйткені оның алматылық «Қайрат» футбол клубымен жасасқан келісім-шарты аяқталған еді. Тіпті «Қайрат» футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев та Исламханның «Қайраттан» кеткенін растаған еді.
Соңғы деректерге сенсек, Бауыржан Исламхан ресейлік команда сапына ауыспайтын көрінеді. Тараптар келісімге келе алмаған сыңайлы. Есесіне «Қайраттан» кетті делінген Бауыржан алматылықтардың өз базасында өткізетін оқу-жаттығу жиынына қатысатын болғанын білдік. Бауыржан Исламханның аты-жөні тізімнің бел ортасында жүр. Соған қарағанда жартылай қорғаушы «Қайратпен» қайтадан келісім-шарт жасасқан болуы бек мүмкін.
Алматылықтардың оқу-жаттығу жиыны 17 қаңтарға дейін жалғасады деп күтілуде. Жаңа маусымға дайындықты пысықтау мақсатында ұйымдастырылған оқу жаттығу-жиынына тағы бір тараздық футболшы қатысып жатыр. Ол – Еркебұлан Сейдахмет. Жас пері алматылықтардың қатарына өткен жылдың жаз мезгілінде қосылған болатын. Еркебұлан алдағы маусымда өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысатыны сөзсіз деген ойдамыз.
Қысқасы, Бауыржан Исламханның «Қайратта» қалғаны немесе жаңа клубқа ауысатыны туралы әлі нақты мәлімет жоқ. Дегенмен еліміздегі ең танымал футболшылардың бірі саналатын Исламханның алматылықтардың қатарында оқу-жаттығу жиынына қатысуы көп мәселенің басын ашқан секілді. Біздіңше Бауыржан «Қайраттың» сапында қалатын секілді. Әрине, ертеңгі күннің қалай болатынын ешкім болжап білмейді. Әйткенмен, Бауыржан бекерден-бекер оқу-жаттығу жиынына қатыспаса керек-ті. Ол «Қайрат» футбол клубы үшін маңызды ойыншылардың бірі саналады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support