- Advertisement -

Үйді өрт тен қалай сақтауға болады?

69

- Advertisement -

Жылыту маусымында тұрмыстық өрттердің және улы газдың алдын алу мақсатында Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасы өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің, «ҚазТрансАймақ» ЖӨФ АҚ-ның мамандарымен бірлесе өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді. Бұл күні қала аумағындағы саяжай алқаптарындағы, «Проектировщик», «Рассвет» және «Жігер» тұрғын үй секторының көшелері мен бұрылыстарындағы аулаларды аралап, көріп шығу жүзеге асырылды.
Қала аумағындағы жеке тұрғын үй секторы бойынша ТЖ қызметкерлерінің профилактикалық рейдтері бүкіл жылыту кезеңі бойынша жалғасатын болады. Қалалық ТЖ басқармасының мамандары тұрғын жайларды аралап, қарау кезінде тұншықтырғыш газбен улану жағдайларын болдырмау үшін пешті қалай тәртіпке келтіру және өрттерден үйді қалай сақтау керектігі жөнінде кеңестер де береді. Тиісті ереже, қағидаларды бұзушылықтар анықталған үйлер иелерін арнайы нұсқаулықтарға сәйкес жұмыстар жүргізіп, қауіпті жағдайды реттеуге үндейді.
Суық түсісімен от жағылған тұрғын ғимараттарда өрттің туындау мүмкіндігі бірнеше есе өсе түсетіні белгілі. Тек пештері бар үй иелерімен ғана емес, сондай-ақ газ немесе негізгі жылу көзі болып табылатын электрқұрылғылар қолданатындармен де осындай жұмыстар жүргізіледі. Алайда қарапайым қағидаларды ұмытып, пештерді «ескіше» жағатын азаматтар да бар.
Пештер мен басқа жылыту құрылғыларында өртке қарсы нормалармен бекітілген жанғыш құрылыстардан оқшаулау бөліктері болуы тиіс, сонымен қатар зақымданулар және күйіп кетулер болмауы, тазалықта ұсталуы қажет. Оттық алды төсемінің көлемі 0,5 х 0,7 метр болуға тиіс. Отынды және басқа да тез тұтанғыш материалдарды оған жақын қоюға болмайды. Пештер мен мұржаларды қолданар алдында және барлық жылыту маусымы бойына үш айда бір реттен кем емес мөлшерде күйе мен ыстан тазалау жұмыстары жүргізілуі қажет.
Пешті қолданған кезде оны кішкентай балалардың қадағалауына тапсыруға, жағу үшін бензин, керосин, дизельдік отын мен басқа тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды. Көмірмен, кокспен және газбен жағуға арналмаған пеш түрлерінде бұларды жағуға, түтіншыққыш ретінде желдеткіш және газ арналарын қолдануға да қатаң тыйым салынады.
Азаматтарға тек өз өмірі мен мүлкіне ғана емес, іргелес құрылыс нысандарына да жанудың тарап кету қауіптілігіне жауапкершілікпен қарауды ескертеміз.

Қайрат ОРАЗБАЕВ,
Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының
бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support