- Advertisement -

Бақыт ты болашақтың баспалдағы

62

- Advertisement -

Қазіргі таңда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларымен қазақстандықтар етене таныс. «Елу жылда ел жаңа» демекші, біздің қазақ елі көк шыбықтан алып бәйтерекке айналып, мүйізі қарағайдай алпауыт елдерді өзімен санастырды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бүгінгі бейбіт таңда ендігі болашақтың иелері өздерінің өн бойларын, сана-сезімдерін инемен құдық қазғандай болған білім-ғылым нәрімен қаруландырып, жаңа заманның лайық тұлғалары болуы тиіс. Әлемдегі берекесіз қарулы қақтығыстар жаратушы жаратқан қаншама қарапайым халықтың қанын судай шашып жатыр. Отаны жоқ қаншама ұлттар кім көрінгеннің қанжығасында көкпар болып тартылып жүр десеңізші!
Ата-бабамыз армандап өткен бейбітшіліктің, тыныштықтың, береке-бірліктің, ынтымақтың орнаған кезеңі – бағымыз. Сынықтан сылтау іздеп, көлеңкелі жақты көбірек көргісі келетіндердің қатары көп-ақ. «Айғырмен алысқан ат арқасын алдырады» дегендей, ол неге керек? Көш жүре түзеледі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарды жігерлендіргені сөзсіз. Сол жастар ежелден келе жатқан салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрімізден ажырап қалмай, отанымыздың бұдан да ары қарыштап дамуы үшін бір кісілік үлестерін қосқандары абзал. Қашанда елдік елге, көпшіліктің белсенді көзқарасына байланысты.
Ендігі кезекте біз Елбасының жоғарыда аталған мақалаларындағы міндеттерді сапалы түрде жүзеге асырсақ, бақытты болашақтың баспалдағымен өрлей беретініміз сөзсіз деп ойлаймын.

Жанар Бекбергенова,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support