- Advertisement -

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕР МАРАПАТ ТАЛДЫ

37

- Advertisement -

Дүниежүзілік Сапа күні қарсаңында «ҚазСтИн» РМК облыстық филиалы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті, «Эксперт оқу орталығы» Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Осымен 30 жыл қатарынан аталып келе жатқан атаулы күн биыл «Сапа – біздің әл-ауқатымыздың негізі» ұранымен өтуде.
Басқосуды техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Әлия Ахметова кіріспе сөз сөйлеп ашса, «ҚазСтИн» РМК Жамбыл филалының директоры Асқар Мыңбаев жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтай келе:
– Сапа мәселесі көптеген әлем елдерінде өзекті тақырыптың бірі болып табылады. Осыған байланысты біз бүгін облыс кәсіпорындары мен ұйымдары өкілдерімен бірге өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз ету сұрақтарын талқылау үшін жиналып отырмыз.
Кез келген өнімді өндіру кезінде өнім сапасына қойылатын талаптар анықталатын стандарттар қолданылады. Қазіргі таңда жылда мыңға жуық стандарттар шығарылады. Біз соларды басшылыққа ала отырып жұмыс істеп келеміз, – деп, филиал жұмысына кеңінен тоқталды.
Дөңгелек үстел отырысында тиісті мекеме басшылары сапа мәселесіне байланысты баяндамалар жасап, жоғары сапалы өнім өндірісіне қол жеткізгені үшін «Қазфосфат», «Галеника», «Көкжиек-2030» сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер Алғыс хатпен марапатталды.

Эльвира Жарылқасынова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support