- Advertisement -

Тіл тазалығы басты назарда

61

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген 4 бағыт бойынша облысқа қатысты 7 нысаналы индикатор мен 6 нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу – басты мақсат. Осы бағытта жыл басынан бергі 10 ай ішінде 56 іс-шара өткен. Таразда «Полиглоттар клубы» тұрақты жұмыс атқаруда. Осы және өзге де мәселелер жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдерімен кездескен облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нәбира Сүйманова кеңінен әңгімеледі.
Нәбира Қапарқызының айтуынша, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 11611 нысанда зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 550-інен кемшілік анықталып, барлық нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Тараз қаласы мен барлық аудандардағы қонақүйлер мен мейрамханаларда, басқа да тұрмыстық қызмет көрсету орындарында көрсетілетін қызметтерде мемлекеттік тілдің қолданылу дәрежесі 100 пайызды құрауы көзделген. Осы ретте облыс аумағындағы 150 қонақ үй, 456 мейрамхана, 1150 тұрмыстық қызмет көрсету орындарының тізімі жинақталып, арнайы базасы жасалған. Облыс бойынша 5247 көшенің 4418-і жаңа аншлагтармен қамтылыпты. Бұл жұмыс жыл соңына дейін 100 пайыз орындалады деп күтілуде. Алдағы уақытта ономастикалық атаулардың электрондық базасын жасау қолға алынбақ. Осы кезге дейін облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының екі отырысы өткен. Жиын барысында өзге де қолға алынған жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқандығын аңғардық.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support