- Advertisement -

АУДАН ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

27

- Advertisement -

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 28432,6 миллион теңгені, нақты көлем индексі
106,2 пайызды, құрылыс жұмыстарының көлемі 4171,5 миллион теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 105,5 пайызды құрады. 18301 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда – 101,5 пайыз, бөлшек сауда айналымының көлемі 8041,6 миллион теңге болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3281,6 миллион теңгені, нақты көлем индексі – 100,2 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 10523,0 миллион теңгені немесе салыстырмалы түрде 99,4 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 қазанына Байзақ ауданы бойынша тіркелген 7012 кәсіпкерлік субъектілердің 6002-сі немесе 85,6 пайызы жұмыс істеп тұр. «Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 1 жобаны жүзеге асыру аясында жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар ауданда индустрияландыру картасына «ТАУ-ДОС» ЖШС-ның жалпы құны 1,128 миллиард теңгені құрайтын консерві зауыты, «GRAND FOODS PREMIUM» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жалпы құны 300,0 миллион теңгені құрайтын «Жеміс пен көкөністі өңдеу және консервілеу цехының құрылысы мен өндірістік жабдықтарын сатып алу» бизнес жобалары жасалып, өңірдің индустрияландыру картасына енгізу бойынша қажетті құжаттар мен өтінім жасалуда.
Аудандық маңызы бар 132,07 шақырымдық автомобиль жолдарына, елді мекен көшелеріне және көпірлерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жалпы 485,9 миллион теңге бөлініп, 4 аудандық маңыздағы автомобиль жолының 20,35 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 4 көпір мен темір бетонды құбырларында орта жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінге 3 көпірде жөндеу жұмыстары аяқталды. 5 елді мекен көшелеріне орта жөндеу жұмыстары, 8 аудандық мәндегі жолдарға ағымдағы жөндеу, 2 елді мекен көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталған.
Облыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолының 3,4-14,4 километр аралығын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған. 2019 жылға 880 миллион теңге қаржы қаралған. Нысан 2020 жылға өтпелі. Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер мекеме «ҚазақДорСтрой» ЖШС-мен 2 159,4 миллион теңгеге келісімшарт жасалған.Техникалық қадағалаушы «KZ құрылыс сараптама»ЖШС, авторлық қадағалаушы мекеме «Арыстан Сервис» ЖШС.
Айта кетсек, «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолының 1,7-7 километр аралығын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған. 2019 жылға 381,2 миллион теңге қаржы қаралған. Нысан 2020 жылға өтпелі. Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер мекеме анықталып, «ҚазақДорСтрой» ЖШС-мен 698,887 миллион теңгеге келісімшарт жасалған. Техникалық қадағалаушы «Сапа Инжинеринг»ЖШС. Авторлық қадағалаушы «Тараздорпроект» ЖШС.
Аудан аумағында 43 елді мекен бар, оның ішінде 20 елді мекені немесе 46,5 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Биыл 2 елді мекенге (Сарыкемер, Талас) ауызсу кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Сарыкемер ауылына ауызсу желісін салу жұмыстарына бөлінген 3 402 130 мың теңгенің биылға 414 952 мың теңгесі қаралып, толық көлемде игерілді. Қалған 2 987 788 мың теңге 2020-2021 жылдарға бөлініп қарастырылады. Талас ауылына ауызсу желісін салу құрылыс жұмыстарына бөлінген 638 439 мың теңгенің 2019 жылға 242 359 мың теңгесі бөлініп, толық көлемде игерілді. Қалған 396 080 мың теңге 2020 жылы игеріліп, ауызсу пайдалануға беріледі. 2020 жылы 4 елді мекенге (Қостөбе 559 710 мың теңге, Сеңкібай 349 299 мың теңге, Байзақ 1 039 299 мың теңге, Көктал 798 750 мың теңге) ауызсу құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қостөбе, Сеңкібай және Талас ауылдары 2020 жылы пайдалануға беріледі. Байзақ, Көктал және Сарыкемер ауылдарында 2021 жылы пайдалануға беріледі. 3 елді мекен бойынша 3 жоба (Жаңатұрмыс 423 163 мың теңге, Көкбастау 433 285 мың теңге, Бурыл 888 592 мың теңге) биыл мемлекеттік сараптамаға ұсынылып, Бурыл ауылы №РЕ-013519 санды мемлекеттік сараптама қорытындысын алды.
Аудан аумағында 43 елді мекеннің 22-сі немесе 51,1 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылған. 2017-2018 жылдары тұрғындардың өз қаражаты есебінен 9 ауылға орта қысымды газ құбыры және ішкі жүйелері тартылды. Бүгінгі күнге 9 елді мекендегі 1508 ауланың 610 ауласы «көгілдір отынды» тұрақты пайдалануда. Газ жүйесіне қосылу жұмыстары жалғасуда. Байзақ ауданы бойынша газдандырылмаған 21 елді мекенге орта қысымды газ құбырын жеткізу үшін облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Комби Строй-І» ЖШС-мен жалпы құны 3 115 миллион теңгеге келісімшарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 2019-2021 жылдарға жоспарланған. Аталған жоба бойынша 2019 жылы облыстық бюджеттен 1,365 миллион теңге қаралып, 11 елді мекенге (Үшбұлақ, Қайнар, Төрегелді, Көкбастау, Жақаш, Қарасу, Көкөзек, Ақжар, Тегістік, Сарыбарақ, Шахан) орта қысымды газ жеткізілді. Қалған 10 елді мекенге (Ақшолақ, Жібек жолы, Тегістік-2, Жаңатұрмыс, Абай, Ақтөбе, Жаңасаз, Төрткөл, Мәдімар, Кеңес) орта қысымды газ құбырын тартуға энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасы тарапынан 1,750 миллион теңге 2020-2021 жылдарға қаралатын болады.
Аудан бойынша 45 емдеу мекемесі тұрғындарға қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттама нысандарының 100 пайызы электрондық нұсқаға көшті. Есепті мерзімде туу көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда өткен жылғы 21,2-ден 19,3-ке кеміген. Сәбилер өлімі көрсеткіші 9,7-ден 7,5 промильге кеміген. Ана өлімі тіркелген жоқ.
Үстіміздегі жылы 8 елді мекенде (Ақшолақ, Жеңіс, Төрткөл, Жаңасаз, Ботамойнақ, Үшбұлақ, Қосақ, Байзақ ауылындағы Кеңес учаскесі) медициналық тіректерге арналған жаңа ғимарат құрылыстары жүргізілуде.
2019 – 2020 оқу жылында ауданда 89 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Биыл аудан мектептерінде 20 865 оқушы білім алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 889 оқушыға артық. Осы жылы мектеп бітіруші түлектердің 558-і ҰБТ-ға қатысып, орташа 95,64 балл көрсетті.
Байзақ ауданы Ақшолақ ауылындағы 120 оқушыға арналған орта мектеп құрылысын 2018-2019 жылдары аралығында «Астана УП» ЖШС жүргізді. Келісімшарт бойынша қаралған 564 246,8 мың теңге толық игеріліп, 2019 жылдың 1 тамызында пайдалануға берілді.
Аққия ауылындағы Аққия бастауыш мектебінің жаңа газ қазандық құрылысы мен газ желісіне қосу» жобасын мердігер «Тараз Ирригация» ЖШС жүзеге асырды. Келісімшарт құны – 43370,4 мың теңге. Қаралған 43370,4 мың теңге толық игерілді.
Тағы айта кететін жайт, Байзақ ауданы Базарбай ауылындағы Пушкин атындағы орта мектептің жаңа газ қазандық құрылысы мен газ желісіне қосу нысанының мердігері «Тараз Ирригация» ЖШС. Келісімшарт құны – 42988,3 мың теңге. Қаралған 42988,3 мың теңге толық игеріліп, биыл тамыз айында пайдалануға тапсырылды.
– Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебіне жанама спорт залы, асхана, мәжіліс залы және 3 оқу бөлмелерінің құрылысын салу үшін жоба сараптамасы облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жергілікті бюджеттен 2019 жылға 3,0 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
Аудан бойынша бүгінгі күні 39 балабақша мен 11 шағын орталықта барлығы 4596 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі мекемемен 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 88,6 пайыз, 3-6 жас аралығында 100 пайыз қамтылып отыр. 0 — 6 жас аралығында аудан бойынша кезекте тұрған балалар саны – 834. Бүгінгі күнде аудан бойынша 3-6 жас аралығында кезекте тұрғандар жоқ.
Аудан бойынша 1 аудандық Мәдениет үйі, 20 ауылдық клуб, аудандық орталық және балалар кітапханасы мен 23 ауылдық кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде. Шалғай елді мекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында 16 ауылдан ақпараттық орталық ашылды. Орталық кітапханадан коворкинг орталығы берілді.
Аудан бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөнінде өтініш берген азаматтардың саны 2729 адам. Оның 76,9 пайызы жаңа және бос жұмыс орындарына жұмыспен қамтылды. Ауданда кедейшілік шегінен төмен 19241 адамы бар 3926 отбасы тұрады, бұл аудан халқының 18,2 пайызын құрайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінген 1595,8 миллион теңге толығымен игеріліп, 3926 отбасының 19241 адамына төленді. Тұрғын үй көмегіне бюджеттен бөлінген 1853,0 мың теңге игеріліп, 70 отбасының 397 адамына коммуналдық шығындары төленді. «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінгені 25,1 миллион теңге 431 адамға төленді. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 3005,0 мың теңгеге бөлініп, игерілді.
Жастар жылына орай ауыл жастарын кәсіпкерлікке тарту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Биыл облыс жастарының кәсіпкерлік бағытын дамыту аясында жаңа бизнес идеяларды жергілікті елді мекендерде іске асыру мақсатында 324 миллион теңге қаралды. Ауданда осы бағытта 3 жоба жүзеге асуда. Облысқа 1 жоба ұсынылды (дизайнерлік плиталы кірпіш).
Сондай-ақ 793 жасты жұмысқа тарту көзделіп отыр. Алғашқы тоқсанның өзінде 343 жас жұмысқа тартылды. Сонымен қатар «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында ауданға 13 жас келді. 10 жас көтерме жәрдемақымен, 3 жас тұрғын үй алу үшін несиемен қамтылды.
«Еңбек» бағдарламасы аясында өз ісін ашатын 29 жасқа дейінгі азаматтарға қайтарымсыз гранттар беру бойынша жұмыспен қамту орталығына тіркелген 117 үміткердің жетеуі «Бастау-Бизнес» жобасы, ал үшеуі қысқа мерзімді үш айлық кәсіптік оқуды бітіріп, арнайы сертификат алған, жобалары дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Жастар жылына орай Үлгілі ауылы жастарының демеушілігімен жобалық құны 1,5 миллион теңгені құрайтын кіші футбол алаңын салу жұмысы қолға алынды. Сондай-ақ Көкөзек ауылынан жеке кәсіпкер А.Жантаев өз қаржысы есебінен 5 миллион теңгеге жабық спорт залын және кіші футбол алаңын салып беруде. Кәсіпкер Л.Жабатаева Сарыкемер ауылындағы орталық саябақта тұрғындарға арналған құны 1,5 миллион теңге болатын спорт алаңының құрылысын жүргізетін болып отыр.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша ұсынылған жобалардан Сарыкемер ауылында барлығы 948,0 миллион теңгеге 29 жоба іріктеліп алынды.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ,
Байзақ ауданының әкімі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support