- Advertisement -

ЖУАЛЫЛЫҚТАРДЫҢ «Aq jol» газетіне деген ықыласы ерекше

38

- Advertisement -

Қоңыр күз түсті дегенше қай салада болмасын қарбалас тірлік басталады. Күздің алғашқы айының бірінші күні сан мыңдаған бүлдіршін мектеп табалдырғын аттайды. Коммуналдық мекемелер қаланы жылыту науқанына дайындаса, ауылдағы ағайындар отын-суын, төрт түлік малмен айналысатын шаруалар жемшөбін, қора-жайын қамдайды. Дихан қауымы үшін де жылдың бұл мезгілі жиын-теріннің қызатын шағы.
Ал мерзімді басылымдарда еңбек ететін журналист-әріптестер болса ауыл аймақты, қаланы аралап, оқырмандарымен кездеседі. Алдағы жылы қолға алынатын тірліктерді баяндап, жүзеге асырылатын жаңа жобаларын таныстырады. Оқырмандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қандай тақырыптар қызықтыратынына назар аударады. Оларды өздерінің басылымдарынан қол үзбеуге шақырып, алдағы жылы да газетке жазылуға үндейді. Жылдағы қалыптасқан осындай дәстүр бойынша облыстық «Aq jol» газетінің басшылығы оқырмандармен кездесуін Жуалы ауданынан бастады.

Амангелді Әбіл

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support