- Advertisement -

«Достук» ордені Жошыбаевта

27

- Advertisement -

Қырғыз президенті жерлесіміз Сейтхан Жошыбаевқа мемлекеттік награда тапсырды

Қырғыз елінің президенті Сооронбай Жээнбеков «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қырғыз елінің және бірқатар шет мемлекеттердің әр саладағы қайраткерлерін марапаттады. Солардың қатарында Тараз қаласындағы «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының» басшысы Сейтхан Жошыбаевқа да мемлекеттік награда тапсырды.
Жерлесіміздің жүздеген қырғыз бауырларымыздың өмірін сақтап қалғаны, Қырғыз елінің медициналық кадрларын тәрбиелеуге қосқан айрықша үлесін ел билігі ескеріп, «Достук» орденімен марапаттады. Таразда тұрып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп, өзге елдің де алғысы мен құрметіне бөленген ақ халатты абзал жанға еңбегінің жемісі таусылмауын тілейміз.

«Аq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support