«1302» ЖЕЛІСІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ӘЗІР

– Медициналық көмек қолжетімді болу үшін арнайы телефон нөмірлері бар ма? Осы салаға шағым айтып немесе көмек алу үшін қайда хабарласса болады?

Арай Үмбетәлиева,
Тараз қаласының тұрғыны.

– Медициналық көмектің сапасын жақсарту мен оның қолжетімді болуы үшін облыста өңірлік Call-орталық ашылған. «1302» желісі әрқашан медициналық көмек көрсетуге әзір. Орталықта операторлар, дәрігер-терапевт, психолог маманы жұмыс істейді. Желі аптасына алты күн таңертеңгі сағат сегізден кешкі сегізге дейін қосулы. Онда облыстың әрбір аумағынан тұрғындар кез келген арыз-шағымын айтып, сұрағын қалдыруға болады.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығының мақсаты: көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын көтеру, клиенттермен телефон арқылы қарым-қатынастық процесті жандандыру, өтініштер арқылы медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын жандандыру болып табылады. Желі мамандары облыс бойынша 42 медициналық емдеу, алдын алу ұйымдарының қызметін халықпен байланыстырып отырады.

Марат Жұманқұлов,
облыс әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының басшысы.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/