- Advertisement -

Қыл қаламның құдіретін түсінген

84

- Advertisement -

Республикалық «Атадан мұра» қоры «Дарабоз» және аудан орталықтарында ұйымдастырылған «Ұлы Дала ұрпағы» байқауларының бас жүлдегерлері мен арнайы жүлде иегерлері арасында арнайы суперфинал өткізді. Алматы қаласында ұйымдастырылған бұл бәсекеге ауданымыздағы «Үміт» оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі Бекзат Төлендиева өзінің талантты шәкірттерімен «Бейнелеу өнері» жанры бойынша қатысты. Нәтижесінде, бас жүлде – біздің оқушыларға бұйырды.
Байқау талабы бойынша қатысушы еркін тақырыпта сурет салуы тиіс. Ал екінші кезеңде үміткерлер өз туындысын алдын ала өтінім арқылы жіберуі керек. Байқаудың бұл сатысында қазылар алқасының шешімімен 3 шығарманың біреуі жеребе арқылы таңдалып, жеңімпаз келесі турға барлық жанр бойынша өтті. «Үміт» сарайының дарынды оқушылары Зере Нұрқали, Фатима Рызаева, осы шәкірттерді баулып жүрген ұстазы Бекзат Төлендиева ерекше дарынымен дараланып, ақтық кезеңде арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталып, байқау кубогін жеңіп алды.
Біз бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгерген озат шәкірттерімізбен мақтанамыз. Бекзат Байтүреқызының тынымсыз еңбегі осылай жемісін беруде. Әріптесімізге таланттарды баулу жолында талмай еңбектене беріңіз дегіміз келеді!

Әсем БОРАНҚҰЛОВА,
«Үміт» оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support