- Advertisement -

Марафоншы қария Ресейде бақ сынайды

44

- Advertisement -

Зейнет жасында болса да жеңіл атлетиканы жанына серік еткен Жақсылық Мамырбекұлы – көптеген додада талайды шаң қаптырып жүрген марафоншы. Естеріңізде болса, облысымыздың 80 жылдығына орай 80 шақырым жүгіріп өтуді көздеп отырған жамбылдық желаяқ жуырда Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына аттанбақ. Аталған шаһарда спорттың осы түрінен ХХХ халықаралық аламан ұйымдастырылады.
Бұл жолғы марафонда бақ сынау үшін атлетке ұшақпен барып-қайту жолының билетін Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мұқаш Ескендіров алып берген. Ақсақал демеушілік жасаған кәсіпорын басшысына алғыс ретінде жейдесіне «АО «КАЗФОСФАТ» г. Тараз «ҚАЗФОСФАТ» АҚ ҚАЗАҚСТАН» деп жаздырып алыпты. Үміткер сайысқа осы киімімен қатысатындығын айтады. Сонымен қатар Жақсылық Мамырбекұлына өзі жұмыс істейтін «Жасыл ел-Тараз» ЖШС директоры Сәкен Икрамов та қаржылай көмек беріп, қолдау көрсетіп отыр.
Бұдан бөлек, қария тамыз айында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ең ірі жарыстардың бірі ХХХ халықаралық марафонда да бақ сынамақ ниетте.

 

Альмира ОМАРОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support