- Advertisement -

Тараздық команда топ жарды

24

- Advertisement -

Тараз қаласында облыстық эстетикалық топтардың ашық чемпионаты өтті. Жарысқа елімізден және сырт елдерден 20 команда қатысты. Бұл сында Алматы, Астана, Бішкек, Қызылорда, Қаратау, Тараз қалаларының командалары нәтижелі ойындарымен көзге түсті.
Жарыс қорытындысында Тараз қаласының командасы жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тағынды. Екінші орынды елордалық «Астана», үшінші орынды «Астана-2» топтары иеленді.
Күміс жүлдені иеленген Нұр-Сұлтан қаласынан келген команданың капитаны Алина Тілешованың әкесі Мұрат Тілешовтің елімізге белгілі футбол жұлдызы екенін жанкүйерлер жақсы біледі. Атақты футболшының қызы Алина Тараз төрінде үздік өнерімен көзге түсті.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support