- Advertisement -

Қазақстанда Қытайдан келетін дискілер қымбаттайды

57

- Advertisement -

Баж салығын көтеру — қытайлық өндірушілер тарапынан болатын демпинг, жосықсыз бәсекенің жолын жабады.

Сурет : drive2.ru29 Наурыз 2019, 12:41

Бұл дискілерге ЕЭК Алқасы бес жылға демпингке қарсы баж салығын салды, деп хабарлайды Zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ендігәрі Қытайдан алюминийден жасалған құйма дискілерді әкелу үшін ЕЭО қазынасына олардың кедендік құнының 33.69 %-ын құю керек болады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында хабарланғандай, баж салығын көтеру жөніндегі шешім 2018 жылы ресейлік «Литейно-механический завод «СКАД» және «КиК» мекемелерінің шағымынан соң басталған демпингке қарсы тексеру жұмыстарының нәтижесінде қабылданған екен.

Ол кезде қытайлық өндірушілердің демпингтік импорт арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың экономикасына шығын келтіргені анықталған болатын, себебі соңғы бірнеше жылда ЕЭО нарығында алюминийден жасалған дискілерді өткізу, өндіру мен сатудан түсетін табыс тым төмен деңгейде болып келген.

Экономистердің айтуынша, баж салығын көтеру қытайлық өндірушілер тарапынан болатын жосықсыз бәсекенің жолын жауып, отандық өндірушілерге қолдау көрсетеді.

Осы орайда қазіргі таңда өзге елдерден жеткізілетін алюминийден жасалған дискілерге кедендік құнының 5 %-ын құрайтын баж салығы салынатынын айта кеткен жөн.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support