- Advertisement -

Футболшы Мұрат Тілешевтің әкесі «үздік бапкер» атанды

95

- Advertisement -

«Тараз» футболының түлегі Мұрат Тілешевтің кәсіби мансабында талай биікті бағындырғанын футбол жанкүйерлері жақсы біледі. Еліміздің түрлі командаларында бақ сынаған қызуқанды футболшының ел чемпионатында бірнеше мәрте үздік шабуылшы атанғаны да бар. Мұраттың әкесі Әзімбек Тілешев те футболдан қара жаяу емес. Жасы біразға келсе де, әлі күнге футболдың төңірегінен алыстай қоймаған. Республикалық отбасылық жарыстарда Тілешевтердің командасы сан мәрте жүлдегерлердің қатарынан да көрінген болатын.
Жақында Алматы қаласында «Алтын доп» деп аталатын дәстүрлі республикалық жарыс өткізілді. Аталмыш аламанға өңірімізден бірнеше команда қатысты. Солардың қатарында Әзімбек Тілешев бастап барған «Кейкі батыр» ұжымы да болды. Әзімбек Тілешевтің командасы республикалық додада ойдағыдай ойын өрнегін көрсете білді.
– Турнир барысында кіл мықты ұжымдар бақ сынады. Біздің команда жүлдегерлердің қатарынан көрінбеді демесек, талайлардың жүйкесіне ши жүгіртті. Шағын футболдан өткен ала доп аламанына Мұрат қатысқан жоқ. Қанша дегенмен кәсіби футболшы ғой. Өзінің беделін ойлаған болуы керек. Мұрат қатыспаса да жүлдегерлердің қатарынан көрінетін шамамыз бар еді. Алайда түрлі себептермен командамыз толық құрамда жарысқа қатыса алмады. Анығырақ айтсам, алмастырушы ойыншы болмады, – дейді Әзімбек Тілешев аталмыш жарыс туралы өз ойын ортаға салып.
Республикалық турнирдің қорытындысына сәйкес түрлі аталымдар бойынша үздіктер марапатталды. Олардың қатарында «Кейкі батыр» командасын бастап барған Әзімбек Тілешевке «үздік бапкерге» тиесілі сыйлық бұйырды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support