Қолы шыгып кетсе де, жеңістіберген жоқ

75

Боксшы әбілхан аманқұл Қазақстан чемпионатында жарақатына қарамастан топ жарды

Бокстан Ақтау қаласында өткен кезекті Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Ел біріншілігінде жамбылдық боксшылар 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді. Өңір боксшыларын ел чемпионатына облыстың аға жаттықтырушысы Бекзат Сыпабеков бастап барған болатын.

Алдымен 49 килограмм салмақ дәрежесіндегі саңлақтардан бастайық. Бұл салмақта өңір намысын қорғаған Ермек Мәдиев ойдағыдай нәтижеге қол жеткізді. Жартылай финалда Алматы облысының намысын қорғаған Жандос Несіпжанмен жұдырықтасқан жамбылдық жампоз қарсыласынан 5:0 есебімен айласын асырып, өзінің шын мықты екенін дәлелдей білді. Алайда финалдық жекпе-жекте еліміздің белгілі боксшысы, ақмолалық Теміртас Жүсіповке жол берді. Бұл шайқаста отыз жастағы Теміртасқа тәжірибесі көп көмектесті. Теміртас еліміздің бес дүркін чемпионы атанса, Ермекке күміс медаль, түркістандық Жомарт Ержан мен Алматы облысының былғары қолғап шебері Жандос Несіпжанға қола жүлде бұйырды.

Бұдан кейін жамбылдық боксшылар сапынан 56 килограмм салмақтағы Жанболат Қыдырбаев жүлдеге ілікті. Жартылай финалға дейін жеңісті жолынан жаңылмаған Жанболат финалдық жолдама сарапқа салынған шайқаста әлем чемпионы, Түркістан облысының өкілі Қайрат Ералиевтен ұтылып қалды. Осылайша Жанболат қола медальды қоржынымызға салды. Бұл салмақтың алтыны Қайрат Ералиевке бұйырса, маңғыстаулық Нұрбол Қалжановты жартылай финалда тоқтатқан ақмолалық Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанды. Оразбек чемпионат ашқан жаңалыққа айналды. Алғашқы кездесулерінің бірінде ол өткен жылғы ел чемпионы Ілияс Сүлейменовті жарыс жолынан шығарған-ды.

Өңір боксшылары 52, 60, 81, 91, +91 килограмм салмақ дәрежелерінде жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.

саңлағы Бекдәулет Ибрагимов иеленді. Мирасәлімен бірге ақмолалық Сабыржан Бекбергенов қола жүлдені мойнына тақты.

Өкінішке қарай қазақтың төл салмағы атанып кеткен 69 килограмның алтыны қарағандылық Абылайхан Жүсіповте кетті. Жартылай финалда маңғыстаулық Мәулен Өскенбекті 5:0 есебімен жеңген жерлесіміз Асланбек Шымбергенов Абылайханға есе жіберіп алды. Бәрін шешкен — бірінші раундтағы нокдаун. Шайқасты ширақ бастаған Асланбек ә дегеннен шабуылға иек артты. Бірінші нөмірмен бокстасуды жөн көрген жерлесіміз Абылайханның қарсы шабуылын өткізіп алып, нокдаунға түсті. Екінші, үшінші раундтарда басымдықты уысынан шығармаған сияқты еді. Алайда төрешілер жеңіске Абылайханды лайық деп тапты. Нәтижесінде жамбылдық сайыпқыран күміс медальды, астаналық Қанағат Маралов пен маңғыстаулық Мәулен Өскенбек қола медальды қанағат тұтты.

75 килограмм салмақ дәрежесінде жамбылдық жампоздар екі бірдей жүлдені қоржынымызға түсірді. Алдымен жартылай финалдағы жекпе- жектер туралы сөз етсек. Финалдық шайқастың жолдамасы сарапқа салынған кездесуде жерлесіміз Аман Қазанғапов маңғыстаулық Ерік Әлжановтан ұтылса, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ел мақтанышы Әбілхан Аманқұл қызылордалық Тұрсынбай Құлахметтен айласын асырды. Біріншілік қорытындысы бойынша

Comments are closed.