- Advertisement -

Таразда қайта жаңғыртылған “Қайрат Рысқұлбеков” атындағы саябақ пайдалануға берілді

528

- Advertisement -

Тараздықтарға тамаша тарту! Бүгін қала күніне орай  “Желтоқсан” көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың есімімен аталған саябақ толық жаңғыртудан өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Халық қаһарманы, қасиетті Жамбыл өңірінің батыры Қайрат Рысқұлбековтің есімімен  аталатын саябақ облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен жаңғыртудан өтті. Басты мақсат 1986 жылғы “Желтоқсан” оқиғасына қатысушыларға деген құрмет көрсету, Тәуелсіздік жолын  өскелең ұрпаққа жеткізу, жастардың патриоттық сезімдерін күшейту.

Саябақтың жобасын – “Табыс жоба”ЖШС дайындаған. Құны-40,9 млн. теңге. Аумағы-6,5 гектар.

Саябақ аумағында батырдың толық ескерткіші орнатылған. Биіктігі – 2,8 метр.

Саябақтағы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, драматург Елен Әлімжан, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мұрат Бердалиев ашты.

-Бүгін Қайраттың дауысы жанымыздан естілгендей болып тұр. Қайрат бауырым түрмеде жатқанда шындық әрқашан  жеңеді деп айтқан еді. Бауырым Қайраттың аты еліне танылғаны үшін өте қуаныштымын. Барлықтарыңызға алғысым шексіз!,-деді Қайрат Рысқұлбековтың әпкесі Гүлнар Рысқұлбекова.

Саябақ алдында Қайрат Рысқұлбековтың аты жазылған маңдайша мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және өзге де ұлы тұлғалардың  сөздері жазылған тақталар қойылды. Саябақ аумағында «Желтоқсан-86» орталығы, «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясы, қайта жаңғыртудан өткен «Ардагерлер» үйі және «Ғибрат» орталығы, «Шахмат» алаңы, балалар және спорттық алаңшалары орналасқан.

zhambylnews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support