- Advertisement -

«Қазақ әдебиеті мен тарихы»

286

- Advertisement -

Парсы тілінде жарық көрген кітапқа жергілікті
жазушы Елен Әлімжан туралы да мәлімет енді

Жуырда Алматы қаласындағы «Нұрлы Әлем» баспасынан «Қазақ әдебиеті мен тарихы» атты жаңа кітап жарық көрді. Авторы – белгілі әдебиетші, тарихшы ғалым Ислам Жеменей.

Бұл туындыда қазақ тарихы мен әдебиеті бес дәуірге бөлініп, әр дәуірдің өзіндік тарихы сараланып, әдебиеттің де тарихи рөлі талданған. Әдебиеттегі жыраулар мен ақындардың өмірі мен шығармалары оқырманға таныстырылады. Бес дәуірдің басталуы мен аяқталуы да анықталып, берілген. Тағы бір назар аударатыны – әр дәуірдегі қазақ-парсы әдебиеті мен тарихи байланыстарының сараланып, екі елдің тарихы мен әдеби бағытына талдау жасалғаны.
Қазақ әдебиеті мен тарихы жөнінде парсы тілінде жазылған тұңғыш зерттеу еңбекте жергілікті қаламгер, жазушы-драматург Елен Әлімжан туралы да мәлімет беріліп, шығармашылық қуаты, әдебиеттегі елеулі еңбегі жайлы жазылыпты. Нақтырақ айтсақ, кітапта бөлім ретінде берілген «Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірі» кезеңі – қазақтың ұлттық мүддесі бұғауда қалғанымен, азаттыққа ұмтылысы ұмыт болмаған жылдар ретінде қарастырылып, оған Мұхтар Әуезовтен басталып, Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Қалижан Бекхожин, Қуандық Шаңғытбаев, Әбіраш Жәмішұлы, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Жарасқан Әбдіраш, Нұрлан Оразалин, Смағұл Елубай, Исрайыл Сапарбай секілді ақын-жазушылармен бірге Елен Әлімжан ағамыз да енген. Бұл тек қаламгер үшін ғана емес, өңір руханияты үшін де жағымды жаңалық деуге болады.
Кітап Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Мәдени орталығының төрағасы Жауад Жалали Киясәри мырзаның ұсынысымен жарық көрген. Бұл еңбек алдағы уақытта парсы тілінің мамандары, парсы-қазақ тілі мен мәдениетінің байланыстарын зерттеушілер мен білімгерлерге, ұстаздарға әрі қазақ тарихы мен әдебиетіне қызығып, зерттеуге бейім ирандық ғалымдар мен зиялы қауымға өте қажет қайнар бұлақ және оқу құралы ретінде пайдалы туындыға айналары даусыз.

Жанғазы АХМЕТ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support