- Advertisement -

Марапатталды

124

- Advertisement -

Облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақовтың өкімімен құрылыс саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін, «Жамбылхимстрой инжениринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Юрий Васильевич Минаков, көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Көшпенбет Әмірешұлы Нұрбеков, «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ормандарды қорғау жедел қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жақан Раманович Бостеков, көп жылғы жемісті еңбегі үшін, Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Талас аудандық «Талас тынысы» газетінің аға корректоры Сәрсенкүл Аманбекова, Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінің бас есепшісі Анар Шалғынбайқызы Жатқанбаева, «Қазақстан» республикалық телерадио-корпорациясы» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының «Қазақстан-Тараз» телеарнасының редакторы Маржан Сатыбалдықызы Қанатова, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Гүлжан Оралбайқызы Рахманова, Жамбыл облыстық «Арай» газеті компьютер орталығының жетекшісі Ғани Абзалұлы Сүгіралиев, «Қазпошта» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары-маркетинг, пошта және қаржы қызметін дамыту басқармасының бастығы Арысбек Жолдасбекұлы Сүлейменов, «Қазпошта» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары-пошта байланысын пайдалану және ұйымдастыру басқармасының бастығы Дастан Төреұлы Үкібаев, «Қазпошта» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының поштаны өңдеу және жеткізу учаскесінің пошта тасушысы Елена Сергеевна Филимонова, салық органдарындағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін ҚР Салық комитеті Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің Мойынқұм ауданы бойынша салық басқармасы салықтық әкімшілендіру және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы Күлнәш Ақбердіқызы Болысбекова, құқық қорғау органдарындағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Тараз қалалық ішкі істер басқармасы 2-полиция бөлімінің бастығы Нариман Көкішұлы Алиев, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті Ақпараттық-аналитикалық орталығының бастығы Сарықұл Абдықалықұлы Жоланов, Тараз қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полициясы батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары Бақытжан Жүнүсбекұлы Жолдасбеков, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті тергеу басқармасы меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Нұрлан Жұмабекұлы Омарбеков, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы ұйымдастыру-талдау тобының аға жедел уәкілі Болат Бейсенбайұлы Токушев, денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Шу аудандық орталық ауруханасының уролог дәрігері Қазбек Аяғанұлы Оспанов, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің аға мейірбикесі Любовь Ивановна Полунина, Жамбыл облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Эльбрус Хаджимахмутович Салпагаров, Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің емханасы бар госпиталінің медбикесі Татьяна Алексеевна Вяткина Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support