- Advertisement -

Күрделі сауалдың жауабын көпті көргеннен сұра

150

- Advertisement -

Облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» мекемесінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыт-бағдарларын насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Діннің қоғамдағы рөлі» атты семинар өтті. «Жаңару» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған іс-шараға жалпы орта білім беретін мектептерде дінтану пәнінен сабақ беретін мұғалімдер қатысты.

Неге ұстаздар қауымы? Себебі өңірде геолог мамандар тапшы, ал білім ошақтарындағы дінтану пәнінің мұғалімдері дінтанушылардың бұл тұрғыда нағыз арқасүйер сенімді өкілдері болып отыр. Бұл жайлы Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Алмаз Құлынбетовтен естідік. Семинардың арнайы қонағы, «Нұр Мүбәрак» университетінің магистрі, исламтанушы Наздан Маукен де осы пікірді нақтылай түсіп, ұстаздардың дінге мойын бұрған оқушылардың дұрыс бағытта білім алуы үшін тура жол сілтеуі керектігін тілге тиек етті. Қазір оқулықтар да қайта басылып, теологтердің жетіспеуінен жеткішектер түгілі мұғалімдердің өзі де түсіне алмай, тығырыққа тірелетін сәттері аз емес көрінеді. Сондықтан жасөспірімдер теріс ағымға шырмалып қалмас үшін олардың сауалына жауапты нақты бере алмай қалған жағдайда мешіттердегі имамдардан немесе «ҚМДБ мақұлдаған» деген мөрі басылған кітаптардан ғана қажетті мағлұматтарды алу қажеттігін баса айтты. «Қазіргі уақытта ғаламтор желілерінде азғырушы топтардың түрлі аудиожазбалары да кездеседі. Оларға мүлде сенудің қажеті жоқ», – деді Наздан Маукен.
Бүгінгі діни ахуал мен оның тура бағыттары ашып айтылған басқосуға қатысушылар «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» демекші, жас болса да терең білімді, діни сауатты маманның дәрісін мұқият тыңдап, көкейдегі сұрақтарына нақты жауап алды.

Альмира ОМАРОВА.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support