- Advertisement -

Жамбыл облысында вагондардың рельстен шығып кету себебі аталды 

125

- Advertisement -

Жамбыл облысында жүк вагондарының рельстен шығып кетуінің себептері аталды , — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компаниядағылардың айтуынша, 31 шілдеде Сарышаған-Шығанақ теміржол телімінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне қатысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары, «Азовэлектросталь» ЖАҚ (Украина), «Инсткомтранс» ЖШС өкілдерінің қатысуымен тергеу амалдарын өткізді.

«Тексеру көрсеткендей, 28-вагонның бүйір жақтаушасының жарықшағы апатқа себеп болған. Аталмыш ақаулы жақтаушаны 2009 жылы «Азовэлектросталь» ААҚ шығарған. Вагонның меншік иесі — «Исткомтранс» ЖШС екендігі анықталды. Қазіргі қолданыстағы ҚР Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік тәртібінебайланысты болған оқиғаға «Азовэлектросталь» ААҚ тарапына тіркелді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ына келтірілгенбарлық шығындар заңдық негізде вагонның меншік иесі «Исткомтранс» ЖШС-нен талап етілді, — деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері.

Еске сала кетейік, 31 шілдеде Жамбыл облысында жүк вагондарының рельстен шығып кеткені хабарланған еді. Компания өкілдерінің айтуынша, апаттан келген шығынды жүк вагондарының иесі өтейді.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support