- Advertisement -

Арқа төсіндегі арман қала

221

- Advertisement -

елорда мерейтойына орай облыста көптеген жұмыстар атқарылды

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына біздің облыстан елордаға тарту ретінде Есіл ауданындағы «Достық» көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін 12,36 шақырым велосипед жолағы инфрақұрылымы салынды. Жобаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 470,9 миллион теңге қаражат бөлінді. Құрылысты «Арайстроймаркет – 2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Велоинфрақұрылымның таныстырылымы Елбасының қатысуымен ағымдағы жылдың 1 шілдесінде өткізілді. Веложол бойының екі жағынан облыс атынан монумент ескерткіштер бой көтерді.
Маусым айында Тараз қаласы «Баласағұн» орталық концерт залында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана – аймақтар арқауы» атты облыстық форум өтті. Аталған шарада облыс әкімі А.Мырзахметов Астананың аймақтардың дамуына серпін бергендігін атап өтіп, облыстың 20 жылда қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қ.Асанов, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Т.Әбдіқадырова, №40 мектеп-гимназия директорының орынбасары И.Щедрина және елорданың құрдасы Е.Ыбыраева бүгінгі таңдағы Астана қаласының даму қарқынын, еліміздің әлем алдындағы беделін зор толғаныспен әңгімеледі. Өз сөздерінде спикерлер Астана әр қазақтың мақтанышы екенін, сонымен қатар бүгінгі жетістігіміз татулық пен бейбітшіліктің нәтижесінде келіп отырғанын жеткізді. Форумның соңы облыстық филармония әншілерінің мерекелік концертіне ұласты.
Тараз қаласы «Қант зауыты», «Қамұқат» алқаптарында, «Құмшағал», «Көлтоған» шағын аудандарында «Асқақтай бер, Астана!» атты мерекелік автокеруен өтті. Маусым айында облыс аудандарының ауылдық округтерінде Астананың 20 жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана!» атты мәдениет және өнер күндері бастау алды. Бүгінгі күнге дейін аталған шара Шу, Қордай, Т.Рысқұлов, Жамбыл, Меркі, Сарысу, Талас аудандарында ұйымдастырылды. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» атты облыстық шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Байқау поэзиялық слэм және әдеби сторителлинг аталымдары бойынша өтті. Сайыс ережесі әлеуметтік желі арқылы таратылды. Поэзия бойынша 14, эссе бойынша 13 жұмыс іріктеліп, шешуші кезеңге жолданды. Сайысқа Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі, ақын Х.Есаман, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Аq jol» газетінің бөлім редакторы Б.Ахмет, ақын Н.Қадірәлі қазылық етті. Қорытындысында поэзия аталымында Қ.Шахабай, әдеби сторителлинг аталымы бойынша А.Өзбекова жеңімпаз атанса, ынталандыру сыйлығы Э.Мамбеталиеваға бұйырды. Үздік деп танылған қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Облыс әкімдігі білім басқармасы 30 наурыз күні мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Іс-шара Елорданың тарихи маңызын айқындау, татулық пен бейбітшіліктің символына айналған бас қаламыздың заманауи келбетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Оған ЖОО-ның ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, пән мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары қатысып, 300-ге жуық адам қамтылды.
Есепті кезеңде Жамбыл ауданында «Жан жүрегім – Астана!» атты облыстық ән байқауы өтті. Сайысқа Байзақ, Сарысу, Жуалы, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу, Мойынқұм аудандарынан және Тараз қаласынан үміткерлер қатысты. Байқау екі кезеңнен, яғни Астанаға арналған әндер және патриоттық ән айту кезеңдерінен тұрды. Өнер додасына ҚР Мәдениет саласының үздігі, композитор, облыстың Құрметті азаматы Ә.Салабеков, ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші-термеші М.Бабақұлов, облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Э.Дүтбаева қазылық етті. Шарада Астана қаласына арналған «Елімнің жүрегі», «Арман қала – Астана», «Нұрлы Астана», «Аяулы Астана», «Город мой» секілді өзге де әндер орындалды.
Тараз қалалық Мәдениет үйінде «Болашақ» сауықтыру лагерінің демалушы балалары арасында «Ән-жырым саған, Астана!» атты ән байқауы ұйымдастырылды. Оған 42 жас дарын қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шара соңы жас өнерпаздардың концертіне ұласты.
Астана қаласының 20 жылдығына орай Тараз қаласы орталық «Достық» алаңында елорданың мерейтойына арналған флешмоб өтті. 500-ге жуық әулиеаталық өрендер елордаға деген ыстық лебізін білдіріп, сәлем жолдады. Ауқымды музыкалық қойылымға атсалысқан жастардың дені Астана құрдастары. 20 жастағы жамбылдық студенттер елордаға деген махаббатын 20 жылдық салтанатымен астастырды. Олар «Астана – 20» атауымен флешмоб көрсетіп, елорда туралы әндер шырқады. Әсем бимен өрнектелген акция мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Аталмыш акция облыс аудандарында да өз жалғасын тапты. Сарысу, Талас, Меркі, Шу, Қордай аудандарының жастары бұл бастамаға үн қосты. Елорданың 20 жылдығына орай «Қазақ хандығы» монументі алаңында «Астана KZ» жастар флешмобы өтті. 200-ден астам жалынды жас Астананың мерейтойлық жасын символдық 20 санымен бейнеледі. Осындай іс-шара «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің алаңында да ұйымдастырылды. «Астана KZ» флешмобына Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде білім алатын Астана құрдастары да қатысты. Шараға белсенді 150 студент атсалысып, Елорданы мерейлі мерекесімен құттықтады. Мұндай бағыттағы іс-шаралар аудандарда да жалғасты. Байзақ ауданында 1400 оқушының қатысуымен «Астана – бақыт мекені», Меркі ауданында «Тұғыры биік еліммен мақтанамын!», Сарысу ауданында «Жайнай бер, Астана!», Т.Рысқұлов ауданында «Алға, Қазақстан!», Шу ауданында «Астана – Отанымыздың жүрегі!» атты жастар флешмобтары өткізілді.
Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында 1 маусым күні Тараз қаласының орталық алаңында Халықаралық балалар күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқаулар жеңімпаздарының және дарынды оқушылардың қатысуымен өткен мерекелік шара жас жеткіншектердің шығармашылығын қолдау, олардың музыкалық мәдениет деңгейін көтеру, білім беру ұйымына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беруді көздеді. Дауылпазшылар, үрмелі аспаптар оркестрлері және ансамбльдері, хор және би ұжымдары орталық алаңда жүріп өтті. Керемет музыкалық репертуар мен театрландырылған шеру көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Іс-шараға Тараз қаласының және барлық он ауданның оқушылары, қосымша білім беру және орта білім беру мекемелерінің педагогтері, Жамбыл политехникалық, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық, №13 Темір жол, Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар, Тараз химия-технология, №12 «Тараз» колледждері, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, ТИГУ студенттері, балалар шығармашылығы орталығының оқушылары, барлығы 3000-нан аса жас қатысты.
Балалар мен жастардың музыкалық оркестрі мен ансамбльдерінің шеруі – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бөлігі. Осыған ұқсас шерулер бір уақытта еліміздің барлық облыс орталықтары мен Алматы және Астана қалаларында өтті. Ал 6 мамыр күні Тараз қаласында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай облыс тұрғындары арасында велошеру өтті. Велошеру бағыты орталық «Достық» алаңынан «Әулиеата» әуежайына дейінгі 10 шақырымды құрады. Шараны өткізу бойынша үйлестіруді облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Тараз қаласының әкімдігі бірлесе жүзеге асырды.
Велошеруге облыс әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары, құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің аппараттары, акционерлік қоғамдар, Тараз қаласында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелер, жоғары және арнайы орта оқу орындары мен қала тұрғындарынан 300-ден астам адам қатысты.
Шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты – бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, облысымыздың тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, қолжетімді велосипед спортымен шұғылдануға елдің қызығушылығын арттыру болып табылады.
Астананың 20 жылдық мерейтойына орай облыста «20 жылдыққа – 20 нысан» акциясы ұйымдастырылып, 25-28 маусым аралығында Тараз қаласы мен аудандарда 20 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді.
Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында «Ерік ата» балабақшасы және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешені пайдалануға берілді. Жамбыл ауданы Аса ауылында көп қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй, Ақбұлым ауылында «Зерде» балабақшасы бой көтерді. Меркі ауданында 125 орындық «Ерсұлтан» балабақшасы ашылды. Қордай ауданы Қасық ауылдық округінің өзінде 7 бірдей нысан іске қосылды. Атап айтсақ, Әлжан ана ауылының тарихи музейі, дәрігерлік амбулатория, спорт алаңшасы, 320 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «QASYQ» Ауыл шаруашылығы кооперативі, «Керімбала» балабақшасы, 100 орындық «Асыл перзент» жекеменшік балабақшасы ел игілігіне берілді. Сарысу ауданының Жаңатас қаласында «Соляная компания «Асыл тұз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ас тұзын өндіретін зауыты іске қосылды. Елорда тойына тарту негізінде облыста жүзеге асқан жүйелі жұмыстар Т.Рысқұлов ауданында да жалғасын тапты. Мерейтой қарсаңында аудан орталығы Құлан ауылында 160 адамға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Ал Талас ауданы Қаратау қаласында 70 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй мен «Елдана» балабақшасы пайдалануға берілді. Шу ауданының орталығы Төле би ауылында «Нұр-Аш» және «Лашын» балабақшалары өз жұмысын бастады. Тараз қаласында облыстық олимпиадалық резерв арнайы мектебінің 3 ангарлық спорт залы, №4 спорт мектебіндегі велосипед базасының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.

Дауыл БЕЙСЕНҚҰЛОВ,
облыс әкімдігі ішкі
саясат басқармасы басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support