- Advertisement -

Әкімнің кубогі «Астана» колледжіне бұйырды

156

- Advertisement -

Есет ДОСАЛЫ

Облыс әкімінің кубогі үшін жастар арасында шағын футболдан облыстық турнирдің қорытынды ойындары өтті. Аталған шараны облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп, «Тараз – Арена» спорт сарайында ұйымдастырды. Жиынның ашылу салтанатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков сөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Жамбыл ауданының жастары облыстық қаржы басқармасының жастар құрамасынан басым түскенімен, келесі ойындарда жігерлілік таныта алмады. Ал жартылай финалда «Астана» көп салалы колледжі Т.Рысқұлов ауданының жастар құрамасын 6:0 есебімен ұтса, облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жігіттері жуалылық жастар құрамасынан 3:2 есебімен басым түсті. Алғашқы кезеңде жуалылықтар екі гол соғып алда тұрған. Ойынның екінші жартысында қарсыластары қатарынан 3 гол соғып, жеңісті жұлып әкетті. Финалда «Астана» көп салалы колледжінің жігіттері облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрамасымен негізгі уақытта 1:1 есебімен тең ойнап, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. «Астана» көп салалы колледжінің жігіттері 3:1 есебімен басымдық танытып, жарыс жеңімпазы атанды. Құландықтардан 3:2 есебімен басым түскен жуалылықтар үшінші жүлдені иеленді.
Жарыс қорытындысында жеңімпаз және жүлдегер командалар марапатталса, облыс әкімінің кубогі «Астана» колледжінің жастар құрамасына бұйырды. Сондай-ақ экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан Рахман Нұрмаш «Үздік шабуылшы», Т.Рысқұлов ауданы құрамасынан Қазбек Райымқұлов «Үздік ойыншы», «Астана» колледжінен Ислам Гафуров «Үздік қақпашы», жуалылық Нұрбол Өтегенов «Үздік қорғаушы» аталымдарын иеленді. Оларды облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен мен облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков марапаттап, жеңімпаз командаға кубокті тапсырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support