- Advertisement -

Жақсы демалыс жанды сергітеді

165

- Advertisement -

«Берікқара» лагерінде 400 оқушы демалып жүр

Жаз айлары – балалар үшін қызықты кезең. Қамсыз, алаңсыз асыр салып ойнайтын шақ – осы. 9 ай бойы қалада төрт қабырғаға қамалған жеткіншектердің жазғы демалысты асыға күтетіні де сондықтан. Кейбірі бұл уақытта ауылға ата-әжелерінің қолына барып аунап-қунап қайтады. Ал біразы осы мезгілде мектептер жанындағы жазғы лагерлерге барды.
Биыл аудандағы 1-10-сыныптарда оқитын 10317 бала мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерьлеріне тартылды. Соның ішінде 2750 оқушыға бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Енді 400 жеткіншек Билікөл ауылдық округінде орналасқан «Берікқара» демалыс кешенінде демалмақ.
Жақында 400 оқушыны орталық алаңнан шығарып салған аудан әкімдігі білім бөлімінің мамандары мен ата-аналар балалардың жақсы тынығып қайтуына тілектестігін білдірді. Жақсы білім алу үшін көңілді демалыс қажет екенін айтты. Балаларды сауықтыру орталығына жеткізу міндеті «Фирма Еламан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжановтың сөзіне сүйенсек, олар тау бөктеріндегі сауықтыру орталығында 10-ынан 22 шілдеге дейін демалады екен. Ал «Берікқара» демалыс кешенінің педагогі Дана Дамир онда 28 педагог жұмыс істейтінін айтады.
– Бұл – біздің алғашқы маусымымыз. Орталықтағы 28 педагогтің 14-і тәлімгер қызметін атқарады. Кешенде демалушыға қажетті барлық жағдай жасалған. Балалардың шомылатын бассейні де бар. Оқушылар зерікпейді, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады, – дейді ол.

Марат ҚҰЛИБАЕВ,
журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support