- Advertisement -

Таразда дойбыдан облыстың жекелей чемпионаты өтті

130

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен дойбы ойынынан көру қабілеті төмен спортшылар арасында облыстың жекелей чемпионаты өткізілді.

Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған спорттық шара «Тараз» орталық стадионында өтті. Чемпионатта облыс орталығы мен аудандардан жиналған 34 дойбышы 3 күн бойы кім мықтыны анықтады.

Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында тараздық Нұрлан Тұғанбай жеңімпаз атанды. ІІ орын Байзақ ауданынан келген Сағат Оспановтың қанжығасына байланса, ІІІ орынға тараздық Евгений Ни табан тіреді.

Ал қыздар арасындағы ойындар нәтижесінде Тараз қаласының атынан шыққан Еңлік Егембаева алдына жан салмады. Жүлдегі ІІ және ІІІ орындарды байзақтық Шолпан Әбілдаева мен Нұрила Назарбековалар бөлісті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support